29/3/2018

    «Бізде бәрі дұрыс!»

    25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында алапат өрт болды. Халық көп жиналатын ойын-сауық орталығы өртеніп, ресми мәлімет бойынша 64 адам қаза тапты. Ресейдегі оқиғаның кімді де болса ойландырары анық. Ол, біріншіден, халық көп жиналатын орындар басшылығының қаперінде жүруі тиіс. Осы оқиғадан кейін Ақтөбедегі ойын-сауық орталықтары мен халық көп баратын сауда орындары өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтағаны туралы тексеріп көрген болатынбыз.

    29/3/2018

    Жазғы демалысыңызды жоспарладыңыз ба?

    Күн жылып, жаз жақындаған сайын халық қыстай суық өтіп зақымданған ағзаларын қалпына келтіру жайын ойластыра бастайды. Қалталы азаматтардың еліміздегі демалыс орындарына мұрнын шүйіріп, шетел асып кететіні жасырын емес. Ал жағдайлары орташа жандар Сарыағашқа, Жаңақорғанға, Манкент пен Алматы санаторийлеріне жол тартады. Сонда ұзақ жол жүруге мүмкіндігі және көп қаражаты жоқ тұрғындар қайтпек? Балаларының жазғы демалысы мен денсаулығына алаңдап жүргендер ше?

    15/3/2018

    Ақтөбелік саяжай тұрғындары ұжым басшысына наразы

    Ақтөбе қаласының кезінде милиция қызметкерлеріне бөлінген “ІІБ-4” деп аталатын бау-бақша жеріндегі тұрақты тұрғындар ұжым төрағасына наразы. Олардың айтуынша, төраға электр энергиясы үшін ұжымдағы өзіне қарасты әрбір үйге ай сайын 10 мың теңгені жеке есептегішсіз төлеттіреді екен.

    15/3/2018

    Қалжыңы жарасқан ақтөбеліктер

    Ақтөбелік сазгер Орал Бәйсеңгір мен ақын Талғат Тілеулес - бір-бірін қалжыңмен қағытып жүрген құрдастар. “Орал мен Талғат айтыпты” деген қағытпа қалжыңдар ақтөбеліктердің аузында жүр. Төл мерекеміз қарсаңында қазақи болмыспен біте қайнасқан, құрдас көрсек қалжыңдағымыз келіп тұратын қанымызды бір тулатып алмақ ниетпен жерлес ағаларымызға жолықтық.

    8/3/2018

    Ажырасу ажал емес, бірақ...

    Ақтөбе өңірі ажырасу бойынша бірінші орында. Ерлер балалары үшін нәпақа төлеуден қашса, әйелдер психологиялық көмекке жүгініп жүр.

    8/3/2018

    “Әдемілік бізге көптік етпейді!”

    Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз да келді, міне!

    8/3/2018

    Әліпби әлі өзгере ме?

    Әліпби өзгерту шынымен де ел болып қаралған мәселе болды деп айтуға болады. Енді халықтың жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне, тіл, дін, жер, сайлау, әділ басқаруға байланысты мәселелер де осылай шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді...

    8/3/2018

    Ақтөбе орталығында этноауыл тұрғызылады

    Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы саябақ аумағына этно-ауыл салынады. Болашақта бой көтеретін этномәдени стильдегі мәдени орталықтар мен мейрамханалардан тұрғындар мен қала қонақтары түрлі халықтардың әдет-ғұрыптарымен, мәдениетімен танысып, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін біле алады.

    8/3/2018

    Әйелдер күйеуінің жәбірін жасырады

    Ақтөбеде отбасылық кикілжіңдердің күш көрсетуге айналуы жиілеген. Мәселе тек қол жұмсаумен ғана шектелмейді.

    8/3/2018

    Маңғыстаулық театр қоғам жарасын сахналады

    Ақтөбеге ақтаулық жастар театры келіп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді сахналады. Небәрі 14-19 аралығындағы ерікті жас актерлардың мойындарына алған жүктері ойы арзандаған көп адамның санасына түрткі болса игі еді...



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге