“Керек.info” редакциясы жаңа кеңсеге көшті

    [bҚұрметті оқырман! Редакциямыз 3-ші маусымнан бастап жаңа кеңсеге ауысқанын хабарлаймыз. Осылайша бұрынғы редакциямызға келіп жүрген тұрақты оқырмандарымызды құлағдар қылып қойғанды жөн көрдік. Редакция мекен-жайы сол бұрынғысынша Сәңкібай батыр даңғылының бойында.
    [/b]

    Мекен-жайымыз сол баяғысынша Сәңкібай батыр даңғылы 26. Алайда, басқа ғимаратта. Бұрынғы ғимараттың жанында орналасқан Батыс бизнес орталығының үшінші қабатына қоныс аудардық. Енді оқырмандар өз мәселелерін айтам десе, жаңа кеңсемізге шақырамыз.
    Кеңсенің көшу жұмыстарын толықтай редакция қызметкерлері өз мойнына алды. Сондықтан, қызығы мен қиындығы қатар жүрген көшу жұмыстарынан фоторепортаж ұсынамыз.

    Жүк ауырын нар көтерер
    Кеңсені көшіру жұмыстарында жиһазды қолмен көтеру көп күшті талап етеді. Редакциямыздың басына біткен ер атауылысы екеу ғана. Екі тілшіміз Өркен мен Қамбар компьютер үстелдері мен киім шкафтарын екеуілеп жүріп тасып бітірді.

    Бітпейтін баспалдақтар
    Үшінші қабаттағы жиһазды көтеріп, бірінші қабатқа түсіру, оны қайтадан үшінші қабатқа көтеру көп еңбекті талап ететіні рас қой? Ауыр жиһаздарды тасып болған бойда, ұсақ жиһазды да ұмыт қалдырмадық. Көштің басты қиындығы – бітпейтін баспалдақтар.

    Тазалық – бірінші кезекте
    Жаңа кеңсенің тазалығын редакцияның арулары мойнына алды. Бөлмені жуып-тазалау, әкелінген кеңсе тауарларын үлестіру – арулардың басты міндеті болды. Қолына шүберек ұстаған әйел затын тоқтату мүмкін емес. Редакциямыздың дизайнері Виолеттаның үстел үстінен басталған тазалық жұмысы гүлдер мен терезе, соңы еден тазалауға ұласты.

    Қыздың қырық жаны бар
    Көшу барысында редакция қыздары да аянып қалмады. Жинау жұмыстарынан қолы қалт ете қалған тілші қыздар жеңіл жиһаздарды тасуға да қол ұшын тигізді. Суретте – біздің Әлия.

    Көңіл – бірінші кезекте
    Жұмыс ауыр болғанымен, әр кез көңіл көтеруге уақыт табылары анық. Біздің жігіттер тек жұмыс жасап ғана қоймай, көңіл көтеріп те үлгерді. Көңілсіз жүрген жанның жұмысы бітер ме?

    Біздің кеңсенің қыздары
    Жаңа жұмыс орнымызды тазалап, барлық керек-жарақты түгелдеуді, үстелдердің орналасуын, бөлмені безендіруді қыздар өз мойнына алды. Бұл істе газетіміздің дизайнері Гүлмира мен журналисі Жансаяға жетер жан жоқ.

    Көрші кеңсенің тұрғындары
    Біле білсеңіз “Керек. INFO” білдей бір мекеменің құрамына кіреді. Тек біздің редакция ғана емес, ұжымның өзге де саладағы жұмысшылары көшті.

    Кеңсенің бар мүлкі де, сән берер картиналар мен естеліктер де, барлығы біз үшін өте қымбат. Сол себепті бірін қалдырмай жаңа жұмыс орнымызға ала келдік. Жаңа кеңседе жаңа шаюытпен жұмысты бастап кеттік. Жағымды жаңалықарыңыз көп болсын құрметті оқырман. Сондай-ақ, сүйінші сұрап редакциямызға хабарласуды да ұмытпаңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл түлектер жаңа ғимаратта ҰБТ тапсырады
  • Зейнетақы төлеу орталығының мекен жайы өзгерді
  • Ғалымжан байдербес 80 жаста
  • Сенбілік қар түскенше жалғасады
  • 77 шаңырақ жуырда қоныс тойын тойлайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге