Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Ақтөбеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды қолдау мақсатында “Мейірімді жүрек” атты қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық кешке 200 адам қатысты.

    Облыс әкімінің бастамасымен 2016 жылдан бастап облыста ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды қолдау мақсатында кешенді бағдарлама құрылған болатын. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты болып жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Тұрғын үй жинақ банкінен есеп шотын ашуға ірі кәсіпорындарды, мекемелерді, мемлекеттік органдарды осыған тарту және бекіту еді. Қайырымдылық шарасына қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев басты мақсат- баспаналы болу керектігін айтты.
    - Дүниедегі қолдауды, қорғауды, көмекті қажет ететін – бала. Бала – біздің болашағымыз. Біздің мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 25 жылдан бері жүргізіп отырған саясатын жақсы білесіздер. Қандай да экономикалық-саяси қиындықтар болса да, осы балаларға көмек көрсетіп отыр. Осы ұйымдастырылып отырған акцияда Елбасының тапсырмасына сәйкес, өкінішке орай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесу үшін “Мейірімді жүрек” акциясы жүріп жатыр. Мұндағы біздің мақсатымыз, біріншіден, білім алу; екіншіден, мамандық алып, ертеңгі күні пәтер алу. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен сіздердің әр қайсысыңызға демеуші тауып беріп, сіздермен үшжақты келісім шарт жасап, ұйымдастырғандағы мақсатымыз осы. Сіздер жақсы білім, тәрбие алып жатырсыздар. Ертеңгі күні алған мамандықтарыңызбен жұмыс жасап, пәтер алсаңыздар – онда жаман өмір сүрмейсіздер. Мен облыс басшылығының атынан бізді қолдап, көмектесіп жатқан демеушілерге, ұйымдастырушы білім басқармасына, кәсіпкерлерге, кәсіпорын, оқу орын басшыларына, депутаттарға алғыс айтамын! Қазақта бір үлкен сөз бар “Біреуге сауап боларлық нәрсе жасасаң, өзіңе қайтады” деген. Дендеріңіз сау болсын, жақсы білім алыңыздар. Біз сіздерді әрқашан қолдаймыз, көмектесеміз. Сіздер үлкен азамат болсаңыздар, болашақта Қазақстанымыз да дамиды. Тезірек дамыған елдер қатарына кіреді. Барлықтарыңызға тек жақсылық тілейміз. Еліміздің абыройын, беделін өсіре беріңіздер, - деді әкім.
    Бердібек Сапарбаев екі баланы жеке қамқорлығына алып, қаржылай көмек көрсетті.
    Бағдарлама аясында әлеуметтік-патронаттық қолдауымен 490 жетім балаға 27млн.теңгеден астам көмек көрсетілді. Қазір балалар үйінің он түлегіне баспаналы болуы үшін қажетті қаржысы жиналған. Алға балалар үйінің түлегіне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің дефектолог мамандығына тегін оқуға сертификат берілді. Алға балалар үйінің бір түлегіне “Нектар” тұрғын үйінен 1 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Қайырымдылық кешке Алғадан 50-ге жуық бала қатысты.

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер Тәуелсіздік мерекесін атап өтті
  • Жетім балалар үшін үй салынуда
  • Ақтөбеде тұрғын үй кластері құрылады
  • Ақтөбеде 428 бала қамқорлыққа алынған
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге