Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толады. Осы мерекеге орай 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Ақтөбе қаласында әскери парад өтті.

    Мереке күні орталық алаңға жиналғандардың ішінде ауған соғысының ардагерлері де болды. Олар соғыстың қаншалықты қасірет әкелетінін өз көздерімен көргендерін айтып берді.
    - Биыл Ауғанстаннан әскердің шыққанына 28 жыл болады. Біз қашанда бейбіт аспан мен тыныштықты қалаймыз. Дегенмен біздің әскерилер қай уақытта болса да, не болса да дайын жүреді. Біз, ауғандықтар, соғыстың не екенін көрдік. Ондай нәрсе мүлдем болмасын, қайталанбасын,- дейді Ақтөбе облыстық ауған соғысының жауынгер-интернационалистер қоғамдық ұйымының төрағасы Аслан Балқасынов.
    Ағайынды Әділжан және Әлжан Құжбановтар ауған соғысына бірге аттанған. Бір түн ішінде көтеріп әкетіп, қалай соғысқа кіріп кеткендерін олар былай деп еске алады:
    - Әскерде жүргенімізге жылдан асып кеткен. Бізді оқу-жаттығу жұмыстарына апара жатқан шығар деп ойладық. Бірақ жолда жедел пойыздардың өздері бізге жол бергенінен сезіктендік. Тек түнде ғана тоқтап, Термезге жеткенде әйелдер бізді көріп, басымыздан сипап, жылайтын. Нан әкеліп беретін. Олардың неге жылап жатқандарын түсінбедік. Тек ертеңгісін қолымызға қару беріп, қақтығысқа дайындық басталды. Бір түннің ішінде Әмудариядан өтетін көпір салынып, сол көпір арқылы Ауғанстанға тап болдық. Барлығымыз әрі кетсе 19-20 жастамыз. Адамдарға қарсы оқ ата алмай қиналдық. Бірақ алғаш рет қасымыздағы жолдастарымыздан, достарымыздан айырыла бастағанда, амалсыз қолға қару алдық,- дейді ағайынды ардагерлер.
    Ауған соғысын көзімен көріп келгендер қанды зұлматтың мүлдем болмағанын тілейді.
    - Соғыста біз ешқандай жақсы нәрсе көрмедік. Соғыс – теңізше аққан қан, жолдастарыңның көз алдыңда қырылуы. Қазақ халқы еш уақытта біреуді жаулау үшін соғыс ашпаған. Біз тек жерімізді қорғадық,- дейді Әлжан Құжбанов.

    “АЙС” ЖШС директоры, қарулы күштер ардагері Мұрат Итеғұлов:
    - Әскерге 17 жасымда кеттім. Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің түлегі болдым. Міне, отставкада жүргеніме 26 жыл болды. Әскер – жігіттің өміріндегі маңызды мектеп. Офицер үшін ең алдымен ары, намысы маңызды. Жігітті намыс өлтіреді, қазақтың жігіттері әрқашан намысты қолдан бермеуі керек,- дейді.

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Отан үшін жан пида

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауған соғысы ардагерлері арнайы емхана ашып беруін сұрайды
  • Барлық ауданда Ардагерлер үйі ашылады
  • Ауған соғысы ардагерлерінің қайырымдылығы
  • АРДАГЕРЛЕРДІҢ АВТОШЕРУІ
  • Тәжік-ауған шекарасында қаза болғандар еске алынды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге