Жас түлектерді Бердібек Сапарбаев қабылдады

    Биыл Ақтөбе облысы бойынша алты мыңнан аса бала мектеп бітірді. 467 бала “Алтын белгі” иегері, 301 бала үздік аттестат алды. Жас түлектердің ендігі арманы ұлттық бірыңғай тесттен жоғары ұпай жинау.

    - Ақтөбе облысында алты мың бала мектеп бітірсе, нағыз қаймағы сендерсіңдер. Биылғы жылғы түлектердің қуантатыны – “Алтын белгі” мен үздік аттестат алған түлектер саны 25 пайызға өсті. Бұдан біз мемлекетіміздің қолдауының нәтижесін көреміз. Сіздерге ақ жол тілейміз. Әр уақытта мемлекетіміздің, туған жеріміздің абыройын, беделін асқақтатып жүріңіздер. Жолдарыңыз болсын. Ақ жол,-деп тілегін білдірді облыс әкімі.
    Республикалық, облыстық олимпиадалардың үздік жүлдегерлеріне 200 түлекке ЭКСПО көрмесіне барып қайту үшін отыз мыңнан ақшалай сыйлық табыстады.
    Даниэль Мұзафар, жас түлек:
    - Мамандандырылған физика-математика мектебінінң түлегімін. Республикалық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазымын. Жалпы пәндік олимпиадада Қазақстан тарихын таңдадым. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығым жақсы. Болашақта заңгер болғым келеді. Елімізге адал қызмет ететін прокурор болсам деген арманым бар. Бердібек Мәшбекұлына физика - математика мектебінің атынан алғысымды білдіремін.
    Естай Оспанов, жас түлек:
    - Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернатының түлегімін. “Алтын белгі” иегерімін. Біздің сыныптан төрт түлек “Aлтын белгі” алды. Физика-математика мектебінің атынан республикалық, облыстық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазымын. Математика пәнін жақсы көремін. Маған қиын есептерді шешкен ұнайды. Өзімнің сыныптастарыма, інілеріме, көмек сұраған адамдарға қуана есеп шығарып беремін. Есеп шығару маған аса қиын емес. Оқуды ынталанып оқысаң бәрі болады. Елімізде математика мамандары аз. Болашақта математика пәнінің мұғалімі болғым келеді. Кейінгі жастарға математиканы үйреткім келеді. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы жоғары оқу орнына түсуді ойлап жүрмін.
    Құндыз Өтегенова, жас түлек:
    - “Алтын белгі” иегерімін. Мектепте “Кенгуру”, “Ақ бота” марафондарынан жүлделі орындар алдым. Кіші ғылым академиясындағы жобаларға қатыстым. Республикалық, облыстық олимпиадаларға ғылыми жобалардан орындар алдым. Облыс әкіммен кездесу кешіне түлектердің атынан вальс биін дайындадық. Биге 48 жұп, 96 адам қатысады. Дайындыққа он күн уақыт кетті. Кеш тамаша өтуде. Болашақта химик-технолог маманы болғым келеді. Астана қаласына жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырмын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл түлектер саябаққа жиналмайды
  • Елімізде “Алтын белгімен” бітірген 45 түлек грантқа ілікпей қалды
  • Бүгін “Жас түлек – 2016” салтанаты өтеді
  • Ақ жол саған, жас түлек!
  • Бізде 153 “Алтын белгі” бар!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге