Ит асыраушылар бас қосты

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ақтөбеде иттер көрмесі өтті. 37 ит қатысқан шарада олардың тек сұлулығы ғана бағаланған жоқ.

    Көрмеге қатысқандардың ішінде лабрадор-ретривер, хаски және овчарка сынды тұқымды иттер болды. Алдымен, ұйымдастырушылар олардың қаншалықты үйретілгенін тексерді. Яғни, әр ит көрмеге келген адамдардың арасынан өтіп шықты. Мұндағы мақсат – иттердің жат адамдарға реакциясын тексеру. Үй жануарлары бұл сынақтан сүрінбей өтті.
    - Итімнің лақап аты – Лунна. Тұқымы – Сібір Хаскиі. Орынбордан арнайы алдырғанбыз. Қазір төрт жасқа толды. Бес ай бойы осындай көрмелерге дайындадық. "Жат", "отыр", "орныңа бар" деген командаларды орындай алады. Бүгінгі көрсетілімде ең жоғарғы бағаны алдық, - дейді көрмеге келген Людмила Очинникова.
    Артынша, иттердің өз қожайынын қаншалықты қорғай алатыны сыналды. Арнайы нұсқаушы тығылып тұрып, қожайын мен иттің алдынан айқайлап шыға келеді. Осы сәтте ит қауіпті адамның қолынан тістеуі қажет. Иттердің көбі бұл сынақтан өтті. Бірақ қорқып, қожайынының артына тығылған немесе бұл жайтқа мән бермеген иттер де болды.
    Ал Алексей Михайлин өз жарымен бірге көрмеге екі ит алып келген. Оның бірі Қазақстан чемпионы атаныпты. Ал екіншісі әлі жас, ешқандай сынақ тапсырмайды. Тек көрмеге қатысып, сұлулығын көрсетеді.

    - Бұл иттің лақап аты – Берта. Қазақстан чемпионы. Қарапайым командалардың бәрін біледі. Енді Ресей немесе басқа да елдерде бақ сынап көрмекпіз. Ит асырау есірткі сияқты. Бір рет бастап, асырасаң, кейін тоқтай алмай қаласың. Міне, біз де енді бір күнімізді осындай көрмелерге арнаймыз. Одан өзіміз де ләззат аламыз, - дейді Михайлиндер отбасы.
    Иттердің қоғамға қаншалықты бейімделгені тексерілген соң, олардың сұлулықтары бағаланды. Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен иттердің қожайындары кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды.

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ит асыраушылар бас қосты

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл тұрғыны: мемлекеттік қызметкер қызымның көзінше итті атып өлтірді
  • Қазақстандағы жаңа үлгідегі жалғыз көлік көрмеге қойылды
  • Бұралқы иттерден сақтаныңыздар!
  • Ақтөбенің тазылары республикалық көрмеге қатысады
  • Ақтөбеде мысықтардың көрмесі өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге