Ойылдан келген әжелер перзентханадағы келіншектерге ақ орамал таратты

    Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында облыс орталығында Ойыл ауданының күндері болды. Аз уақытта көптеген құндылықтарға толы болған мерекелік шара “Ақ орамал” акциясымен жалғасты. Ақтөбедегі аудан күндеріне әжелеріміз де бірге барып, жасына қарамай белсенділіктің үлгісін көрсетті.

    Облыстық аурухананың перзенханасында болып жас босанған келіндерге ақ орамалдарын тартып ақ батасын берді. Бұл кемі алты баладан туып, оны тәрбиелеп өсірген аналардың жолын берсін деген ізгі ниеттері еді. Кішкентай нәрсетелерімен үйлеріне шығып жатқан жас келіндерде мұны жақсы ырымға балап, өздеріне көңіл аударып, жақсылық тілеген ойылдық әжелерге риза болды. Күнның ыстығына қарамай діттеген мақсаттарын орындаған қариялардың жұмысын ерлік деп білсек артық емес. Екі күндік аудан күндерінің нағыз ауқымды шарасы кешкілік орталық саябақта болды. Ойыл жерінен шыққан жерлестер осы жерде бас қосып, бір бірімен табысты. Ағаш үйлер тігіліп, туғанжердің тарихи тұлғаларының атауымен ауыл жасақталды. Туған жердің табиғи тауар деп сатылатын өнімдері ұзын сөрелерде қойылды. Онда ауылдың ащы құртынан бастап тәтті балына дейін бар. Осының бәрі үндесіп, табиғат пен тағам, туған жер мен тұлға, жәрмеңке мен жетістіктер Ойылдың жеті кереметі болып тоғысты. Диқаншы ауылдың дарқан көңілді адамдарының ақ дастархандарынан дәм татқан қалалықтар мен қонақтар ауданның кереметтерін көзбен көрді. Мереке тағы бір қайырымдылық акциясымен ерекшеленді. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 6 отбасыға құрылыс материалдарын алуға 100 000 мың теңгеден ақшалай көмек берілді. Оны аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева көптің көзінше табыс етті. Ойылдықтардан дәл мұндай жомарттық күтпеген сыйлықтың иесі Амангүл Меңдіғалиева алғысын білдірді. Бір күнде қомақты қаражатқа ие болғандардың қуанышында шек жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкімі әйел болған соң...
  • Су тасқынынан зардап шеккен отбасыға пәтер берілді
  • Ырғыз ауданының күндері өтеді
  • Ырғыз ауданының күндері өтеді
  • Ойыл ауданының күндері өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге