Ақтөбеде студенттерге күштеп флеш-моб жасатты

    Ақтөбедегі Н.Назарбаев атындағы саябақта қала жастарының қатысуымен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдау негізіндегі флэш-моб өтті. Флеш-мобқа келген студенттерді сөзге тарттық. Барлығы бірауыздан бұл флешмобқа өз еріктерімен келмегендерін жеткізді.

    Қалалық Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұловтың айтуы бойынша, бұл бір апталық акция.
    - Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында жастар бір апта бойы көшелерді тазалау, қыстық көшеттер отырғызу, қолғабысты қажет ететін жандарға қолдай көмек көрсету секілді жұмыстар жасайды. Осындай жұмыстар арқылы жастар өздерін әрі рухани жағынан жетілдіреді, әрі көпшілікке пайдасын тигізеді,- дейді департамент директоры.

    Хош делік. Шара өткізілді. Студенттер келтірілді. Жүздері солғын. Артта "орныңа қайт", "кетпе" деп "күзетші апай" отыр. Саябақта тек тапсырма бойынша келген лажсыз адамдар жүрді. Басқа халық жоқ. Дүңкілдеген музыка мен микрофоннан жасанды пафоспен айтылған "жалынды" сөздерді естіген адамдар "еее, есеп беру үшін өткізіліп жатқан тағы бір шара ғой" деп өз жолдарымен кетіп жатыр. Ешкім зорламай, халық өз бетімен, жүрек қалауымен жиналатын күн болар ма екен?.. Әй, қайдам... Осы шет елдерде халық шын қуанғаннан не шын қиналғаннан көшеге шығады. Бізде ше? Қуанғаннан жинала қоймаспыз, ал қиналғаннан жинала алмаймыз. Қиналып жиналсаң, қиыншылығың артып кетеді, мүйіз сұрап, сақалдан айрыламыз. Жасандылыққа үйреніп және үйретіп жатырмыз.

    - Егер флеш-мобқа қатыспасақ, ректордың атына түсініктеме жазуымыз керек екен. Мұғалімдеріміз солай деп түсіндірді. Амал жоқ, флеш-мобқа қатысып жатырмыз,- деді аты-жөнін айтқысы келмеген студент.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Болашаққа қадамды бірге жасаймыз
  • Рухани жаңғыру – жаңаша ойлау
  • Салауатты өмір салтын ұстан!
  • Құлағының мүкісі бар балалардың Астана күніне тартуы
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге