Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеде көптен күткен жерлестер форумы өтті. Екі күнге созылған шараға Ақтөбе топырағынан шыққан 300-дей адам жиналды. Алыс-жақын шетелден жиналған өнер, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар, әскери және басқа да саланың үздіктері бас қосты.

    Жерлестер форумын Республика бойынша біздің өңір бірінші болып бастады. Елбасының "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Мақсат - облыстан шыққан танымал адамдарды, ірі кәсіпкерлерді аймақтың әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес қосуға шақыру. Ауқымды шараның шығармашылық академиясында өтуі бекер емес. Мемлекеттік -жекеменшік әріптестігі негізінде салынған әлеуметтік нысандардың бірі. Форумға арнайы келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Ақтөбе - болашақта миллиондардың қаласына айналады. Бүгінде еліміздегі төртінші агломерациялық шаһар. Соңғы жылдары халқының саны 15 пайызға артты. Қазір облыста сегіз жүз елу мың адам тұрады. Облыста 120 мектеп, 500 балабақша, 150 медициналық мекеме бой көтерді. Мыңдаған шақырым жолдар салынды. Бүгінде Ақтөбе инвестиция тарту көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. Жыл сайын облысқа 1 млрд доллардан астам инвестиция тартылады. "Туған жерге" тағзым акциясы аясында 555 жоба жүзеге асырылуда. Басым бөлігі - әлеуметтік нысандар.Жерлестер форумына келген меймандарды ақтөбеліктер құшақ жая қарсы алды. Туған жеріне табаны тиген азаматтар кіндік қаны тамып, өскен өңірге деген сағыныштарын да жеткізді. Әрқашан мұндай бастаманы қолдайтындарын айтып, лебіздерін білдірді. "Туған жер" форумының бірінші күні Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда қорытындыланды. Ауқымды шарада 4500 адамның қатысуымен көрерменге театрландырылған қойылым ұсынылды. Отанға, туған жерге деген сезім кеудені кернеді. Салтанатты шара Ақтөбеден шыққан өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Орталық стадиондағы ауқымды шара Ақтөбенің тарихын бейнелеген көріністерден басталды. "Заманай" композициясында өңірдің күні бүгінге дейінгі дамуы мен қилы кезеңдерін, мыңдаған өнерпаздар бейнеледі. Еңбектің майдангері Шығанақтан арғы және бергі тарих алақандағыдай көрінді. Жасампаз өңірдің жарқын өткені мен бүгіні стадионға толған 13 мың көрерменге үлкен әсер қалдырды. Сахна төрінде Қанат, Света Айтбаевтар, Мирас, Құралай Бекжановтар, Нұрболат Абдуллин және басқа әншілерді жиылған жұрт ұйып тыңдады. Ал, Ақтөбеде туып-өсіп, бүгінде әлемге танылған жас әнші Димаш Құдайбергенді қалың көрермен ерекше қошеметпен қарсы алды.

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ақтөбеге жерлестер жиналды

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе маңынан 600 орындық заманауи мектеп ашылды
  • Нұрсұлтан Назарбаев: “Ақтөбеден бастау алған игі шара еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын табарына сенімдімін”
  • Жақсылық Досқалиев тегін ота жасады
  • “Ақтөбеден үлгі алыңдар!”
  • Ақтөбе инвестиция тарту бойынша алда келеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге