Бейбіт күннің батырлары

    Бейбіт күннің батырлары

    Әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы бар. Оны сол кәсіптің қыр-сырын меңгерген кәсіби маман ғана біледі. Ал құтқарушы болу –абыройлы іс. Өйткені өзгенің өмірін құтқарып, төтенше жағдаймен күресу – олар үшін күнделікті жұмыс. “Керек info” тілшісі 19 қазан-Құтқарушылар күні қарсаңында Ақтөбедегі судан құтқару қызметінің бір күндік жұмысын көріп, бұл мамандықтың беймәлім тұстарымен танысып қайттық. Біз білгенді, сіз де біле жүріңіз...

    Бейбіт күннің батырлары
    1-сурет. Суға батып кеткен адамды іздеу жұмысын арнайы киімсіз жүргізу мүмкін емес. Су тереңдеген сайын температура да төмендейді. Сондықтан суық тартуға бейім резеңке киімнің ішінен түйе жүнінен тоқылған қалың тоқыма киіледі.

    Бейбіт күннің батырлары
    2-сурет. Арнайы киімді 2 адамның көмегінсіз өзіңіз кие алмайсыз.

    Бейбіт күннің батырлары
    3-сурет. Арнайы киім барлық жабдығымен 50-60 кг-ға дейін жетеді. Судың түбіне жетуді тездету үшін құтқарушы костюміне темір пластиналары бар жүк-белдіктер тағылады. Жүктер құтқарушының физикалық сипатына қарай таңдалады.

    Бейбіт күннің батырлары
    4-сурет. Суға кеткен адамды 8-12 м тереңдіктен іздейді. Тек арғы жағалауда тереңдігі 36 м-ге жететін бір жер бар екен. Баллондағы ауа адамдардың тәжірибесіне қарай 20 минуттан 2 сағатқа дейін жетеді. Құрылғыға ауа ашық, таза жерден толтырылады. Құтқарушы ауаны баллоннан аузымен сорып, аузынан шығарады. Олай болмаған жағдайда, мұрыннан шыққан ауа көзілдіріктің түсіп қалуына себеп болады.

    Бейбіт күннің батырлары
    5-сурет. Сырттан қарағанда, ескек есу оңай секілді. Бірақ мүлдем олай емес. Оның өзі уақыт пен табандылықты қажет етеді. Ескекті қайыққа алғаш отырсаңыз, бір ескегіңізді суға терең батырып, екіншісін суға тигізе алмауыңыз да ғажап емес.

    Бейбіт күннің батырлары
    6-сурет. Моторлы қайық өз жұмысына әзір. Ол суға түсушілердің белгіленген шамадан асып кетпеуін де бақылайды.

    Бейбіт күннің батырлары
    7-сурет. Ұзындығы 30 м-ге дейін жететін арқанның 1 ұшы «Александров шеттігі» деп аталса, екінші шетіне құтқару шеңбері байланады. Норма бойынша құтқарушы шеңберді немесе шеттікті 1,25 минут ішінде 3 рет лақтырып, жинап алуы керек. Олар батып бара жатқан адамның айналасындағы 1 м радиустан қашыққа түспеуі тиіс.

    Бейбіт күннің батырлары
    8-сурет. Суға кеткен адамды сүйреп жүзудің тәртібін білу өте маңызды. Құтқарушы оның артқы жағынан келіп, дем алуы үшін басын жоғары көтеріп ұстайды. Егер көмек керек адамның алдынан келсе, жанұшырған ол құтқарушыны қысып алып, оны да су түбіне ала кетеді.

    Бейбіт күннің батырлары
    9-сурет. Суға кеткен адам есінен танып, жүрегі соқпаса, жүректің жанама массажы жасалады. Алдымен жауырын астына жұмсақ нәрсе салып, өкпесіне ауа еркін кіру үшін басын шалқайта жатқызу қажет.

    Бейбіт күннің батырлары
    10-сурет. Құтқарушы екі адам болса, екіншісі талып жатқан адамның аяқтарын жоғары көтергені абзал. Мұндай сәтте жүрекке қан мол келіп, қайта соғуына мүмкіндік көбейеді.

    Бейбіт күннің батырлары
    11-сурет. Биылғы жазда 22 адам суға кеткен.Оның 12-сі – балалар. Ал өткен жылы 15 адам ағын судың құрбаны болған. Оның 8-і кәмелет жасына толмаған балалар. Осы жылғы суға түсу маусымында 80-нен аса адам құтқарылыпты. Судағы құтқарушының ақтөбеліктер жағажайда тынығу мәдениетін үйренсе екен деген тілегі бар. Алдағы уақытта құтқарушылар жағажай демалушыларының ұялы телефонына судың тереңдігі мен қауіп-қатер жөнінде алдын ала хабарлама жібермек. Олардың ойынша, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде адамдар суға кетіп жатыр
  • Екі бала Елек өзеніне суға батып кетті
  • Ақтөбеде 8 жастағы бала суға батып кетті
  • Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мас күйінде суға батып кетті
  • Тағы бір адам суға кетіп қалды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге