“Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    Тәуелсіз ел болып, өз алдымызға отау тіккенімізге ширек ғасыр уақыт өтсе де, большевизмнің елесі Ақтөбені әлі кезіп жүр. Аштық, репрессия, соғыс... Бірінен соң бірі келген зобалаңдардың негізгі басында тұрған коммунизм идеясын қолдайтындар әлі де бар екен.

    Қазан төңкерісіне 100 жыл толуына орай Ақтөбедегі филармония жанына коммунистер жиналды. Қолдарына қызыл қалампыр ұстап, қызыл мойыншалма таққан егде жастағылар келіпті. Араларында 4-5 бала мен 2-3 жас та бар. Сырнаймен кеңестік әндер ойналды.
    Үлкендеріміздің барлығы бірауыздан компартияның идеясын мақтайды. Өткен заманды аңсап, алыстан ат арытып келген ағамыздың сөзіне құлақ түрдік.
    - Ырғыз аудандық халықтық коммунистік партияның хатшысымын. Осы партия қатарында тәрбиелендік, идеясымен халыққа қызмет еттік. Қазір тәуелсіздік алдық, шүкірміз. Түрлі партиялар пайда болды, бірақ өзім осының құрамында қаламын деп шештім. Ескінің жақсы жақтарын ұмытуға болмайды. Кезінде бұл партия тарапынан ешқандай қысым көрмедік. Тек жақсылығы ғана болды. Ол уақытта тегін оқыдық, тегін медициналық жәрдем алдық, жұмысқа да үкімет орналастырды. Әлеуметтік жағдай жақсы болды. Коммунизм құрамыз деп ойладық, бірақ жете алмай қалдық (күліп). 100 жылдық тойымызға арнайы келіп тұрмын. Ырғыздағы 50 мүшеміздің атынан құттықтайын дедім. Қазіргі тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған партиялар тарапынан қандай да бір кедергі жасау әрекетін байқаған жоқпыз. Күнделікті өз жұмыстарымызды жасап жатырмыз. Жастар бұрынғыдай емес. Кейбіреуі мұндай партия болғанын білмейді де. Оларға "Нұр Отан" партиясының идеясы ұнайды. Жастар идеямызды тыңдайды, бірақ түсінбейді. Өткен күндер олар үшін ертегі сияқты. Сондықтан үлкендермен жұмыс жасаймыз. Шүкір, депутаттарымыз парламентте отыр. Олармен санасады. Бірақ, шамамен, 10 идея айтсақ, 2-еуі ғана өтеді. Қазір барлық билік "Нұр Отанда". Бізге билік алып кету жоқ. Көріп тұрған кемшіліктерді айтуға ғана мүмкіндігіміз бар. Өзге партияларды жамандамаймыз. Әрқайсысы өз деңгейлерінде жұмыс істеп жатыр. Лениннің өз идеясы жақсы ғой. Бірақ ел басқарушылар өзіндік бағыттарымен кетіп қалды. Сталин қатал, Брежнев өзінше жолын қалдырмақшы болды. Горбачев көп сөйлеп кетті, - дейді Ертарғын Махамбетов.
    Мұғалжар ауданындағы Қазақстан халықтық коммунистік партия ұйымының төрағасы Жиеналы Бейсенқұлов деген ағамызды да сөзге тарттық. - Бұрынғы коммунистердің гүлдеп, жайнайтын, өмірден озғандарының бір аунап түсер күні болса, бүгін - сол күн. Бұрынғы коммунист болған соң осыны құрметтейміз, бағалаймыз, сыйлаймыз. Себебі коммунистік партия бар жерде – тәртіп, тәртіп бар жерде – шындық, шындық бар жерде әділдік болды. Біз әділет пен шындықты қолдаймыз. Қоғамдағы халыққа қиындық тудырған мәселелерді осы партия көтереді, шешу жолын да қарастырады. Көмір бізден шығады, бензин бізден шығады, бірақ екеуі де Қазақстанда жоқ. Азық-түлік қымбат, зейнетақы аз. Жәрдемақы мөлшері төмен. Коммунистер мен халық атынан осы мәселелерді қозғап айтқым келеді. Зейнетақы мен жалақыларды көтеріп, жұмыссыздықты жою керек, - деді Жиеналы Бейсенқұлов.
    Шағын топқа қосылмай, шеткерірек тұрған үлкендеу кісінің әлде мысқыл, әлде ризалық екенін айыру қиын жымиысы "менің де айтарым бар" дегендей көрінді.
    - Аға, топқа қосылмадыңыз ғой. Коммунист емессіз бе?
    - Мен, негізі, Оралдікімін. 80-жылдардан бері Ақтөбеде тұрамын. Зейнеткермін. Ешқандай партияда болған емеспін. Бірақ коммунистік партияның идеясын қолдаймын. Бұл партия кезінде дұрыс болды. Қазіргілер әшейін, ешқайсысына сенбеймін. Қазақстандағы барлық партия да билікке ұмтылып, сол жақтан жайлы орын алуды ғана көздейді. Халықты әшейін алдау, - деді өзін Марат деп таныстырған зейнеткер.
    Қазақстан Коммунистік халық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының бірінші хатшысы Жанат Молдашевтің айтуынша, коммунистік партияның облыс бо-йынша 5000-дай мүшесі бар екен. Ол жиынға келген мүшелерге "Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне 100 жыл" мерекелік медалін тапсырды.

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    “Ленин ата, біз – ұлан!”

    Ұқсас жаңалықтар
  • Амангелді Айталы: «Атамбаев қазақтың намысына тиетін сөз айтқан жоқ»
  • 55 жыл отасқан ерлі-зайыпты бақытты өмір сүрудің сырын ашты
  • “Нұр Отан” Сара Нұрқатоваға қызметінен кетуді ұсынды
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге