Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде бір күн ішінде бірнеше оқиға болды. Қышқыл құйылған вагон құлап, ұшақ өртенді. Аударылып, жарылу қаупі төнген 1 автобустың жолаушылары құтқарылып, газ құрылғыларына соғып жанған "КамАЗ" сөндірілді

    «Қыс-2017» оқу-жаттығулары аясында бірнеше нысанда түрлі шаралар өткізілді. Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты түрлі қызметтердің улы химикат, газ, жанар-жағар майлардан қауіп төнген сәттерге дайындығы тексерілді. Түрлі апаттық жағдайларды хабарлаудың өзіндік тәртібі бар екен. Тиісті орындар сол мәліметтер бойынша жылдам әрекет етеді.
    Дайындалған сценарийлер бойынша, ең бірінші, вагон аударылып, қауіпті қышқыл төгіліпті. Қышқыл төгілген жерге күнделікті жұмыс киімімен келуге болмайды. Оны бейтараптау үшін арнайы заттар тасталады да, арнайы техникалардан су бүркіп шашылады. Ол қышқылдың улы буын қоршаған ортаға таратпай, апаттық жағдайға сәйкес киініп-жабдықтанған жедел топ қызметкерлерін қорғайды. Қышқылдан уланып, қауіпсіз аймаққа шығарылған адамдарды жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнынан дереу алып кетеді. Рельстен тайған вагондар теміржол краны арқылы жолға қойылады. Бұл жаттығудан соң қала орталығында түрлі жағдайда жұмсалатын техникалардың сап түзеген көрмесі болды. Мұнда түрлі қиындыққа тап болған жандарды құтқаруға септігі тиетін, мүмкіндігінше жетілдірілген заманауи заттар орын алыпты. Арасында терезесі сынып, оның орнына целлофан жабыстырылған тозған "КамАЗ" краны да тұрды. Жан-жақтан келген қонақтардан қысылып қалған әкім орынбасары оның иесіне ескерту айтты да, жылдам алыстай берді. Отқа орана қонған ұшаққа байланысты оқиға да белгіленген нормаға сәйкес уақыт ішінде ауыздықталды. Жол-көлік оқиғасы себебінен өртеніп-жарылу қаупі төнген автобус жолаушыларына жәрдем беру анағұрлым қиынырақ. Өйткені мұнда жарақаттанушылардың саны көбірек болады. Төтенше жағдай қызметкерлері тез құрылатын палаткалар тігіп, көп күтуге мүмкіндігі жоқ адамдарға алғашқы көмек көрсетеді. Оқыс жағдайдан аффект деңгейіне түскен адамдар басы ауған жаққа қарай жүріп, оқиға орнынан алыстап кететін кездер де болады екен. Сондай сәтте жолсыз жүре алатын арнайы машина, тікұшақ пен кинологтардың көмегі өте қажет.

    Қазіргі замандағы тілсіз жаудың бірі – газ. Үнсіз уландыра да алады, сәл ұшқыннан гүрс етіп жарыла да алады. Биік техника мінгендердің газ құбырының биіктігін ескертетін белгілерге назар аудармай қалатын сәттері де талай болыпты. Осындай салғырттықтан жалындап жанған газ қондырғысы да, үлкен жүк көлігі де сөндіріліп, жарақаттанған жүргізушіге тиісті көмек көрсетілді.
    Әуежай оқиғасынан кейін қонақпен сұхбаттасу сәтіне мүмкіндік алдық.
    - Бұл қыс кезіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша 2-жаттығу ғой. Әуе көлігіндегі өрт сөндірілді. Әзірге беретін жалпы бағам – жақсы,- дейді Астана қаласындағы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы подполковник Рустамбек Амрин.
    Ал облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрымбергенов болса:
    - Осындай жаттығулар арқылы біз тиісті құрылымдардың дайындығын тексереміз. Көрмеден түрлі техникалар мен далалық жерлерде спутник арқылы байланыс орнату құралдарын көрдік. Жалпы, қысқа дайындық жаман емес. Кемшіліктер де бар. Жаттығу жұмыстары аяқталған соң талдау жасап, олқылықтарды жою бойынша жұмыс жасайтын боламыз,- дейді.

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ақтөбеде ұшақ “өртенді”

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында өрт күшейіп тұр
  • Құршасай ауылы “өртенді”
  • Ақтөбеде су басу қаупі бар жерлерде 12 мың халық тұрады
  • Ақтөбе төтенше жағдайға дайын
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге