Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Ақтөбеде өрт оқиғалары жиілеп кеткен. Тілсіз жаудың белең алуына тұрғындардың салғырттығы себеп болып отыр дейді мамандар. Әсіресе жер үйде тұратын ақтөбеліктер өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді екен.

    Жылу беру мерзімінің басталысымен өрт және улы газдан улану жағдайлары жиілейді. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызмет өкілдері жыл сайын қала және бау-бақша кооперативтерінің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынама таратып, арнайы құралдармен жабдықталған техникалар арқылы хабарламалар жасайды. Алайда жүргізілген жұмыстарға қарамастан, соңғы бір ай ішінде жер үйлерде 31 өрт оқиғасы тіркеліпті.
    - Тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін көтеру мақсатында осындай профилактикалық шараларды жүйелі түрде өткіземіз. Қажет болған жағдайда, ескерту жұмыстарын қайталаймыз. Биылғы 10 ай ішінде 662 өрт тіркелсе, оның 398-і тұрғындық секторда болды. Негізгі себеп – тұрғындардың салғырттығы, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, күдікті иіс шыққанда, оған мән бермеу. Тексеру жұмыстары барысында пештердің жарық болмауын, мұржалардың бітеліп қалмауын тұрғындардың естеріне саламыз. Қазіргі уақытқа дейін өрттен 2 адам зардап шекті, қазір жағдайлары жақсы, - дейді Өртке қарсы қызметтің жанұяларды ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бас маманы Хамида Ищанова.
    Нақты деректер бойынша, 15 қазаннан бері азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері облыс аумағындағы тұрғын секторлары мен саяжай массивтерінде 52 783 адамды құлақтандырып, 15 336 ауланы аралаған. Қауіпсіздік туралы 119 жиналыс, әлеуметтік осал топқа жатқызылған тұрғындар тұратын орындарға 787 рейд жасалыпты. 171 рейд жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өткізілген. 207 рет әлеуметтік бейнероликтер көрсетілсе, 80 000-нан астам үгіттеу материалы таратылыпты. Аталған жұмыстар 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады.

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Бір ай ішінде Ақтөбеде 31 өрт тіркелген

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Дала өртіне адамдар кінәлі”
  • Жолдан өткенде абай бол
  • Ақтөбеде жыл басынан тұрғын үйлерде 150-ден аса өрт болған
  • Ақтөбедегі базар төтенше жағдайға дайын
  • Биылдыққа 21 ақтөбелік өрттің құрбаны болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге