Ажалға айдалған сарбаздар

    Ажалға айдалған  сарбаздар

    Ржев қаласының түбіндегі миллиондаған құрбан туралы Кеңес заманындағы тарих кітаптарына жазылмады, әлі де айтылып жатқаны шамалы. Осы себептен де көптеген жауынгерлердің сүйектері арулап қойылмаған. Оларды Ржев ормандарынан жиі кездестіруге болады екен. Бұл шайқас туралы шынайы мәліметтер КСРО ыдырағаннан кейін ғана осы өңір халқының арқасында жарыққа шыға бастапты.

    Сталиннің халық алдындағы ең үлкен қылмысы саналатын бұл шайқаста миллиондаған сарбаз оққа ұшқан. Фашистердің Мәскеу қаласына шабуылынан қорыққан Сталин әскерлеріне ажал аузына тура алып баратын бұйрықтар беріп, дивизиялардың түгелге дерлік қырылуына себеп болған.
    Сол шайқасқа қатысқан Петр Михин естелік кітабында: "Біз Ржев қаласына өліктер үстімен шабуыл жасадық. Алдымызда ажал жазығы жатты. Басып өтуден басқа жол жоқ еді. Телефон сымы да сол даламен өтіп үзілген екен. Тапсырма "өлсең де, тірілсең де – байланысты қалпына келтіру" болды. Өліктердің үстімен өрмелеуге мәжбүр болдық. Олар үш қабат болып жатты. Ісініп, құрттап кеткен. Жидіп-іріген денелердің иісінен жүрек лоблып, құсқың келеді. Қасыңа келіп жарылған снарядтан қорғанып, өліктердің астына қарай кіре түсесің. Жарылыс күшінен өлі денелер сенің үстіңе аударылып, барлық құрттар мен күлімсі иіс бет-аузыңды жа-уып кетеді. Жаңбыр да шелектеп жауып тұрды. Окоптардағы су тізеден. Тірі қалғандарымыз өмір үшін жанталасып, шалшық су астындағы аяққа былқылдап білінген өліктерді тайғанақтай бастық. Жиіркенішті әрі жан түршігерлік жағдай еді..." – деп еске алыпты. Тағы бір сөзінде ол: "Сталиннің шыдамсыздығы мен асығыстығы болмағанда, тиісті күштермен қорғалмаған 6 шабуылдың орнына 1-2 ғана жойқын соққы жасалғанда, Ржев қасіреті болмас еді", - деген.
    Жазушы Виктор Астафьев бұл шайқас туралы былай деп жазыпты:
    "1942 жылдың 5 қаңтарында Иосиф Сталин Ржев қаласын фашистерден 1 апта ішінде азат ету туралы бұйрық берді. Бірақ ол бұйрық тек 14 айдан кейін ғана орындалды. Қаланы неміс әскерлері 1941 жылдың 24 қазанында басып алған еді. 1942 жылдың қаңтарынан 1943 жылдың наурызына дейін осы қаланы қайтару үшін соғыстық. Ржев түбіндегі шайқастар ең аяусыз кескілескен ұрыс болды. Бірінен кейін бірі болған ша-буылдарда екі жақтың да шығыны алапат еді... Ржев шайқасы – адамзат тарихындағы қанға толы ең қатыгез соғыс. Сол жердің даласына біз қан өзені мен өлік тауларын қалдырдық..."
    Ал Жуков болса: "1942 жылдың жазындағы қайғылы жағдайдың әскеріміздің ұрыс жоспарын бекіту кезіндегі өзінің тікелей кінәсінен болғанын Бас қолбасшының өзі де сезді", - деп жазған.
    Осы қанды қырғын құрбандарын еске алу мақсатында Батырлар аллеясында жауынгерлер мен олардың ұрпақтары қатысқан жиын болды.
    - Бүгін (24 қараша – Е.Қ.) 100, 101-атқыштар бригадаларының Ржев шайқасына кіріскен күні. Соған байланысты акция өткізіп жатырмыз. Қазір осы жерде сол қырғынға қатысқан он мың адамнан 2-ақ жауынгер отыр. Біреуі – Сатылған Бекмағамбетов, екіншісі – Сұлтан Досмұратов деген ағамыз. 65 жыл бойы бұл шайқас өте құпия ұсталып, айтуға тыйым салынған. Халық арасында бұл "Ржев еттартқышы" деп аталып кеткен,- дейді Ғалымжан Байдербес.
    Ғалымжан Байдербес сол соғыстан аман келген жерлестеріміз Наурызғали Жекеев, Ермак Кожеев, Өтепберген Сағынтаевтарды атап өтіп, осы шараның маңыздылығына тоқталды. Өткен жылы Ржев қаласына 8 адамнан құралған делегация барыпты. Ол жақта шайқасқа қатысқан 10 000 адамның фамилиясы жазылыпты, соның ішінде 3200-і ақтөбеліктер екен. Ол құпия сақталған шайқас туралы "Ржев шайқасының қаһармандары" деген кітабында жазыпты.
    Қазір 6 баласынан 24 немере, 23 шөбере сүйіп отырған бақытты ақсақал Сұлтан Досмұратов 1943 жылы Беларуссияны азат ету кезінде барлау ротасының командирі болыпты. Жаудан "тіл" алып келу арқасында Невельдің түбінде фашистердің үлкен засадасы жойылған. Сол шайқастардың бірінде аяғы екі жерден бөлініп қалған оны Семей госпиталіне жіберіпті. Ржев шайқасы туралы ақсақал былай еске алады:
    - Бұл өте қатты, қанды шайқас болды. Совет әскерлері өздерінің батылдығын көрсетті. Бұнда қырылмаған неміс те, қазақ та жоқ. Біздің совет әскерлері "Отан үшін, Сталин үшін" деп ұрандап, тапсырманы толық орындады. Жауды жеңдік. Олар кері қашты. Илья Эдинбург "Правда" газетінде "Қазақтар" деген мақаласын жариялап, онда халқымызға алғысын білдірді. 1944 жылы госпитальге түсіп, жыл аяғында ауылға оралдым. Бұрынғы мамандығым – педагог. Туған ауылым Басқұдықта 26 жыл мектеп басшысы болдым. Қаңтардың 1-інде 94 жасқа толамын. Келер ұрпағымызда еш соғыс болмасын. Аспанымыз ашық, бейбітшілік болсын деп тілеймін,- дейді ол.
    Сәуле Ғұмарова:
    - Әкем Ғұмар Омар Алматыда туып, Ақтөбе театрына режиссерлік жұмысқа келген. Мұнда ол 101-атқыштар дивизиясының құрамына кіреді. Мен Ржев түбінде ерлікпен қаза тапқан әкемді мақтан тұтамын. Осы шараны ұйымдастырған Ғалымжан Байдербес секілді адамдардың бәріне алғысымды білдіремін. Енді соғыс болмасын.
    Жауынгерлердің ұрпақтары өз аталары туралы былай дейді:
    - Айтжанов Әбілғазының қызымын. Әкем Темір ауданында Бородинский ауылында туған. 1999 жылға дейін қалада тұрдық. Ол соғысқа кету үшін 1913 жылғымын деп жазылған, негізі 1917 жылғы. Ржевте Рокоссовский, Жуковтардың қарамағында болған. Сталинград, Белоруссия, Калининград фронттарына қатысып, Карл Финский аралын азат ету кезінде оң иық тұсынан ауыр жараланыпты. Оны Ленинград әскери госпиталіне, одан Махачкалаға жіберіпті. Жеңісті Махачкала госпиталінде қарсы алған ол 8 айда 5 операция жасатқан. Ата-анамның бірнеше медальдары бар. Мұражайға тапсырдым. Әкеміздің 6 баласы, 17 немере, 34 шөбересі бар, - дейді ақтөбелік жауынгердің қызы Мағрипа Айтжанова.

    Ажалға айдалған  сарбаздар

    Ажалға айдалған  сарбаздар

    Ажалға айдалған  сарбаздар

    Ажалға айдалған  сарбаздар

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік 101 атқыштар бригадасы қалай құрылды?
  • Соғыс ешкімді аямады...
  • “Ржев шайқасының қаһармандары” атты кітап жарық көрді
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Сейітжан Төлемісов туралы естелік
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге