Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!
    "Жекпе-жек" сарайында облыс әкімінің шыршасы өтті. Оған қала және аудан мектептерінен Президент шыршасына жолдама алған оқушылар қатысты.

    Өте әсерлі безендірілген сарай ішінің түсі мен жарығы да ертегілердегі сиқырлы әлемге келгендей әсер етті. Шыршаның қойылымдары да балалар үшін мән-мағыналы болды. Мұғалжар ауданынан келген Жаңажол орта мектебінің медбикесі Сәния Молдашева бұл шыршаға келгеніне өте қуанышты екенін жеткізіп, мектеп басшылығына алғысын білдірді. Айтуынша, жаңа жылда зейнетке шығады екен. Соған орай мектептің осында келетін балаларына әрі бас-көз боп, денсаулықтарын қадағалауға, әрі әкім шыршасын тамашалауға жіберіліпті.
    - 2018 ит жылы құтты болсын, барлық елдер тыныш болсын. Балалар аман болып, ата-аналары солардың қуаныштары мен қызықтарына тоймай жүрсін. Жер бетіне аманшылық пен бейбітшілік тілеймін. Өтетін жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтетініміз көп. Барлық халық аман, ел тыныш болсын. Балалардың бетінен күлкі кетпесін. Жақсылыққа толы жыл болсын. Тыныштық заман болсын, - деп жүзінен мейірім шуағы төгілген медбике апай тілегін білдірді.
    Аяз атадан велосипед пен тігін машинасын сұраған екі бүлдіршінге осы сыйлықтарды тарту еткен облыс әкімі.
    - Бұл шыршаға ең білімді, тәртіпті, көптеген жарыстардан жеңімпаз оқушылар қатысып отыр. Сендер үшін өте қуаныштымын. Мемлекет басшысы жастық шақтары қызықты болсын деп, балаларымыз бен жастарымыз қазіргі заманның талабына сай жақсы білім алсын, мәдениетті, өнерлі, дені сау азамат болсын деп көп жұмыс жасатып жатыр. Сендер – еліміздің болашағысыңдар, сендер қандай жақсы тәрбие, білім алсаңдар, еліміз жақсы дамып, болашағы болады. Салынып жатқан жаңа нысандардың барлығы сендер үшін. Жаңа мектептерді, жаңа спорт сарайын, т.б. тиімді пайдаланып, дүние жүзіндегі қатарларыңнан кем болмауларыңа тілектеспіз. Барлығыңызды облыс басшылығы атынан келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Тек жақсылық болсын, - деді Бердібек Сапарбаев.
    Шыршаға келген оқушыларға қап-қап сыйлықтар таратылып, барлығы облыс әкімімен бірге естелік суретке түсті.

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Құт болып кел, Жаңа жыл!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде алғаш рет жас музыканттар мен әртістердің шеруі өтті.
  • Ақтөбеде Президент шыршасы өтті
  • 2017 жылы барлық әлеуметтік төлемдер өседі
  • Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге