Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Қайырымдылық – әрқашан да ең игі істердің бірі. Қайырымды жан – әлемді құтқарады. Өмір мейірім мен ізгіліктен тұрады. “Қамқоршылық-Забота” Қайырымдылық қоры жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жаңа жылдық шырша ұйымдастырды.

    “Қамқоршылық-Забота” Қайырымдылық қоры үнемі балаларға қуаныш сыйлап жүреді. Қайырымдылық қорының директоры Дмитрий Довматенко, "Нұр Отан" партиясының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Ассоциациясы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Талғат Хамитов және “АЙС Плюс” сүт өнімдері компаниясының өкілдері жетім және мүгедек балаларға жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен жаңа жылдық мереке балаларға ерекше ұнады. Жаңа жылдық ғажайып кешке 170 бала қатысты. Олардың ішінде 17 бала Жайсан арнаулы білім беру мектебінің оқушылары болса, сал азаматтарды қолдау қорынан 20 бала қатысты. Сондай-ақ қайырымдылық қорында есепте тұрған 84 мүгедек бала, әлеуметтік жағдайы нашар отбасының 50 баласы қатысты.
    Балалар үшін театрда «Қарлы ханшайым» ертегісі сахналанды. Әдемі көріністен кейін шыршаның жанында Аяз ата мен Ақшақар күтіп тұрды. Ертегі кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлап, әрқайсысымен суретке түсті. Мерекелік концерт аяқталған соң, балалардың барлығына тәтті сыйлықтар таратылды. Жайсан арнаулы мектебінен келген 17 жетім бала «Кунжут» кафесіндегі мерекелік дастарханға барды. Бұл жерде оларды тек дәмді ас қана емес, сонда-ақ №17 орта мектептің 8 класс оқушысы Маргарита Довматенкодан ерекше тосын сый күтіп тұр еді. Маргарита келген қонақтарға түрлі жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Ал “ZELLO.Ақтөбе” автокөлік жүргізушілері клубының атынан келген аяз ата балаларға тамаша тәтті сыйлықтар ұсынды.
    - Мейірім біздің қоғамға өте қажет. Балалар мейірім мен қамқорлықты көріп өсулері керек. Сол себепті мұндай мерекелік шаралар балаларға ерекше әсер етеді. Балалар шаршаса да, өте риза болып тарқады,- дейді “Қамқоршылық - Забота” қайырымдылық қоры төрағасының орынбасары Айсұлу Қайырманова.

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Біз қуаныш сыйлаймыз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тәртіп сақшылары қайырымдылық жасады
  • “Жайсан” мектеп-интернатының 15 оқушысы Астананы аралады
  • Ақтөбенің дәрігерлері қайырымдылық концерт берді
  • Ауған соғысы ардагерлерінің қайырымдылығы
  • Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге