“Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    Бау-бақша тұрғындары төбесі ортасына түсейін деп тұрған үйде тұрып жатыр. 6 адам кез келген уақытта үйінді астында қалуы мүмкін. Қала басшылығы құрғақ уәдеден басқа әрекет жасамай отыр екен.

    Мейрамбек Кенжебаев бұдан 5 жыл бұрын Хромтау ауданынан келіп, сату-алу жөніндегі келісімшарт арқылы осы жер телімін сатып алған. Достарының, жақындарының қол күші арқылы, қолына түскен ескі материалдармен шағын ғана баспана тұрғызыпты. Бастапқыда қала шетінен үйлі болғанына қуанған оның қуанышы көктем шыға су сепкендей басылады. Содан бері үйі жыл сайын батпақта қалады. 2017 жылдың көктемінде үйі бел ортасына дейін судың ортасында қалыпты. Шаңырағына дейін су өткен үйдің төбесі ортасынан бөлініп тұр. Тек көршілері келіп қойып берген 2 тіреу ғана ұстап тұр. Жанұяда 4 бала бар. Соңғы екі бала 7 және 3 жас-та. Жақында жүрек талмасымен ауруханаға жатып шыққан оның асқазанынан 2 ойық жара анықталыпты. Дәрігерлер ота жасату керектігі жөнінде айтқанмен, Мейрамбектің оған қаражаты жоқ. Қара жұмыс жасауға денсаулығы жарамайды.
    - Мен ересек адаммын. Балаларымды аяймын. Әйелім бұйырған жұмыстарды істеп, шамалы ақша табады. "Хан Орда" кафесіне барып, ыдыс жуып келеді. Мен түнімен ұйықтамай, от жағамын. Төбені аңдып отырамын. Төбемді көріп тұрсыздар. Көршілерім келіп, 2 жерден тіреу қойып беріп кетті. Құласа, балаларым үйінді астында қалады, содан қорқамын. Далаға жата алмайсың. Үйдің іші ылғал. Катя атты қайырымды жан көмектесіп жүр. Оның өзінің де жағдайы мәз емес. Оған алғысымыз шексіз, - дейді үй иесі.
    Аяғымнан өткен дымқыл сыздан қашып, құрғақтау жер іздедім. Үй иесі цемент еденге төселген әбден тозығы жеткен ленолеумды көтерді. Асты былшырап жатыр екен.
    - Үйдің іші үнемі дымқыл. Мына кішкентайларым жиі ауырады. Өкпелерінен айрылып қала ма деп қорқамын. Денсаулығым болса, ешкімге жалынбас едім. Бір рет 3 жасар қызым қатты ауырды. "Мына жерім ауырып жатыр" деп кеудесін ұстады. Жанымды қояр жер таппай кеттім. Қала басшылығына талай айттым. Бәрінде де "3 күн ішінде шешеміз" дейді де, хабарсыз қалады. Құрғақ уәдеден шаршап кеттім. Жазда өздері де келіп көріп кетті. Олардың да балалары бар ғой. Балаларымды аяған кезде, шарасыздықтан "олардың осы күйін көріп отырғанша, өліп кеткенім дұрыс шығар" деп ойлайтынымды да жасырмаймын. Бірақ ол – жол емес. Басшылықтан артық ештеме керек емес, тек ауданы осындай ғана баспана сұраймын,- дейді ол.
    Мейрамбектің даусы дірілдеді. Біз сәттілік тілеп, сыз иісі аңқыған үйден шығып жүре бердік.

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    “Құр уәдеден шаршадым”

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпбалалы ана көмекке зәру
  • Көпбалалы аналар көмек сұрайды
  • Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды
  • Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
  • Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге