Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Өртенген автобус оқиғасына байланысты мемлекеттік мекемелер жолаушы тасымалдаушылардың өздеріне қатысты заң талаптарын орындауын бақылауды күшейтті. Олар бірлесіп Самара-Шымкент тас жолында "Автобус" акциясын өткізді.

    Аталған жол бойында бірнеше мекеменің машиналары жиналып тұр екен. Өңмеңіңнен өтер суық жел күні ешкімнің сыртқа шыққысы келмейді, бәріміз де көлік ішінде отырмыз. Дегенмен тізбектеле тұрған көліктердің алдыңғы жағына қарай барып қайттық.
    - Қазіргі таңда соңғы кездегі оқиғаға қатысты мемлекеттік органдармен бірлесіп "Автобус" акциясы жүргізіліп жатыр. Акцияның мақсаты – жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаушыларға бақылауды күшейту. Мұнда жолаушыларды тасымалдауға арналған заң талаптары мен ереже-талаптардың орындалуы тексеріледі. Көліктің техникалық тексерістен өткендігін, сақтандыру полисін, борттық журналдың дұрыс жүргізілуін, т.б. өзіндік талаптардың қадағалануын қараймыз. Жол-көлік полицияларымен бірге тексереміз. Автобустарда көбіне борттық журналдар дұрыс болмайды. Жолаушылардың саны мен аты-жөні журналға толық тіркелу керек. Ақтөбе территориясынан өтетін мемлекетаралық автобустар көп емес. Күніне шамамен 4-5 автобус өтеді, - дейді Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы Сұлтан Мұсағалиев.
    Ал Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым болса өздерінің өртенген автобусқа байланысты шықпағандарын білдірді.
    - 24 қаңтарда Қазгидромет филиалынан бізге облыс аймағында жылдамдығы секундына 28 метр болатын боран ықтималдығы жөнінде алдын ала ескерту түсті. Қатты желдің аязды көтеретіні себепті департамент облыстағы барлық инстанцияларға – облыстық білім басқармасына ішкі бұйрықтарға сәйкес оқу процесін шектеу, сонымен бірге жолаушы тасымалдау қызметтері мен жалпы тұрғындарға әлеуметтік желілер мен байланыс құралдары арқылы тиісті шаралар қабылдау жөнінде хабарламалар жіберді. Төтенше жағдайлар департаменті әсіресе, биікте, кранмен жұмыс жасайтындарға биіктіктегі жұмыстарын тоқтатып, қауіпсіз орындарға тұруына, далада жүргендерге жел басылғанша ылди жерлерді паналауға кеңес береді. Аяз басталғалы ешбір төтенше жағдай болған жоқ. Тек Комсомолда жолаушылары бар 1 "Газель" көлігі жолда тұрып қалған. "Қазавтодор" мекемесінің көмегімен олар жылыну нүктесіне жеткізіліп, одан кейін сапарларын жалғастырған. Қазіргі уақытта үсіктен зардап шегу оқиғасы тіркелген жоқ, - дейді ол.
    Хромтаудан араларына сағат салып келген 2 үлкен автобустың барлық құжаттары заң талаптарына сәйкес болып шықты. Акция 2 ақпанға дейін жалғасады.

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Жолаушы көліктері талапқа сай ма?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автобуста құлаған жолаушы ауруханадан бір шықты
  • Автобус жолаушылары Астана күнін тойлады
  • Ақтөбе облысында бір түннің ішінде 58 адам құтқарылды
  • Күшті аяз өзбектер мен қырғыздарды әбігерге салды
  • Автобус жүргізушілері үш күнде 300 рет ереже бұзған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге