Ақтөбеде Германиядан келген аспаз мастер-класс өткізді

    71 жастағы Германиялық аспаз Ульрих Шенк Ақтөбе қаласындағы техникалық колледжге келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

    - Ақтөбедегі «Мейрамхана және қонақ үй» қауымдастығымен ұйымдастыруымен Еуропадан келген жетекші маман өзінің дәрісін береді және біздің өтінішіміз бо-йынша шеберлік сағатын өткізуге келісті. Жалпы шеберлік сағатын біздің таңдауымыз бойынша жасады. Студенттер балықтан жасалатын тағам түрінің болғанын қалады. Сонымен бірге жеміс-жидек, көкөністерден қалай карвинг жасауды көрсетеді. Еңбек өтілімі біраз жыл болғандықтан және қаншама елді аралаған тәжірибесі мол маман ретінде біздің студенттерге берері мол деп есептейміз. Алғашқы сағатын дәріс түрінде көрсетіп, тәжірибе жүзінде әрі қарай жалғастыратын болады. Жиналғандардың барлығы дерлік 2-3 курс студенттері мен мұғалімдер. Мастер класс өткізіліп жатқан кабинеттен басқа жерде үлкен аудиториядан студенттерге тікелей трансляция жүргізілуде,-дейді арнайы пәндер мұғалімі Жансая Қаратаева.

    Германиялық аспаз Канада мен Индонезияның асханасында тәжірибе жинақтаған. Ағылшын, француз, итальян тілдерінде еркін сөйлей алатын Ульрих Шенктің студенттерге оқыған дәрісін ақтөбелік мұғалім аударып отырды. Жыл сайын болып тұратын мастер-класс осы жолы техникалық колледж-ге түсіпті. Шетелдік аспаздың айтуынша, қазақтың етін жақсы көреді екен.
    - Көбісі ет тағамдарымен жасалған асты әдемілеп сәндеуде шатастырып жатады. Бүгін студенттерге көрсеткім келгені асты әдемілеп безендіру мен қолда бар тағам түрімен ас әзірлеу. Бастысы бүгін қолданатын мәзірлерімізге картоп, сәбіз, жуа, балық және дәмдеуіштер жатады,- дейді ол. Студенттер әртүрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ақпараттарға қанықты.
    - Қазақтың асханасынан асылған ет қатты ұнайды, біздерде де осыған ұқсас тағам түрі бар. Бірақ біз жайманың орнына орамжапырақ қосып, үстіне етті саламыз және сіздер тәрізді барлық отбасы бірге, бір ыдыстан тамақтанамыз, - дейді Германиядан келген шебер Ульрих Шенк.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде студенттерге күштеп флеш-моб жасатты
  • Ақтөбеде жекеменшік колледж жабылып қалды
  • Мәжіліс депутаты студенттерге жоғары жалақы туралы армандамауға кеңес берді
  • Ақтөбелік аспаз студенттер сынға түсті
  • Ақтөбенің қысы Үндістаннан келген студенттерге қиынға соқты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге