Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Заман өзгергенімен, жатақханада жататын студенттің жейтін асы бұрыңғыдай қара нан мен сары май, қытайдың 60 теңгелік кеспесі екен. “Керек.info” газетінің тілшісі жатақханада тұратын студенттің бір күнімен танысты.

    Ата-анасының қасынан алысқа ұзап көрмеген жастар үшін жатақхана екінші үйіңе айналары сөзсіз. Себебі алдағы уақытыңның біраз бөлігі осы жерде өтеді. Тіптен 4 жыл бойы жаныңнан табылар достарың бауырыңа, комендант апай анаңа айналары сөзсіз. Өмірде кездесетін ең бірінші қиын күндерде осы жерден бастау алады. Осында жүріп ауылда ет жеп өскен баланың сүйікті тамағы қытайдың кеспесі екенін де білмей қаласың. Шәкіртақы қолыңа тиер тиместен азық-түлік алуға базарға асығатын сәт. Ауылдан анаңның балама деп сақтаған дорбасының тезірек келгенін күту. Осының барлығы жатақхана ішіндегі қайнаған қызықты өмірдің кішкене ғана бөлігі. Сондықтан жатақханадағы студенттің бүгінгі жағдайын kerek.info тілшісі біліп қайтты.
    Меруерт Жолдасова – Қ.Жұбанов атындағы университеттің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті. Қыркүйек айынан бастап осы жатақханаға жайғасқан. Болашақ арман жолына асығатын студенттің айтуынша жатақхананың бір кемшілігі ата-анаңның қасында бола алмайтындығы дейді.
    - Жатақханадағы әр күнім әр түрлі болып өтеді. Таңертең ертесімен тәтті ұйқыны қимай оянудан басталады. Орнымды жинастырып, беті-қолымды жуып, таңғы асты асыға ішіп қоғамдық көлікке жүгіремін. Шыны керек таңғы асты үнемі ішемін деп айта алмаймын. Ұйқыдан тұра сала сөмкемді қолыма алып сабаққа жүгіретін сәттерде болады. Бөлмеде екі қыз болып тұрамыз. Мен Ойылдан болсам, Алина Хромтаудың сұлуы. Оған оңай, себебі оқуы жатақханаға қарама-қарсы. Ертесімен тұрып, оқуға жүгіріп те әуре болмайды. Сабағымыз әр кезде әр түрлі аяқталады. Екі-үштер шамасында жатақханаға оралып, түскі астың қамына кірісеміз. Түскі уақытта студенттердің барлығы ояу болады деп айта алмаймын. Бірі ұйықтайды, келесісі кітап оқиды, басқалары өздерінің шаруаларымен айналысады. Сабақтан ертерек келген жағдайда менде түс кезіндегі уақытымды ұйқыға бөлемін. Кей кездері жиналыстар, концерттік бағдарламаларға шақыртып алады. Сол кезде жастар немесе студенттер сарайына барамыз. Сағат алтылар шамасында газ қосылады. Міне сол кезде барлығымыз газ яғни плитаға таласамыз. Ойнап-күліп, кезекпен тамақтарымызды пісіріп, танымаған студенттермен танысып жататын қызықты сәттер болады,-дейді Меруерт.
    Жатақхананың бір қызығы газдың берілетін уақыты болады екен. Сағат күндізгі 12:00-ден 16:00-ге дейін қосылады. Екі сағат сөнулі болып, 18:00-ден түнгі 22:00-ге дейін қосулы болады. Осы уақыт аралығында барлығы тамақтарын пісіріп қалуға тырысады.

    - Тамақ әзірлеп болғасын бір-бірлерімізді қонаққа шақырамыз.
    Ауылдастар, группаластар болып жиі-жиі жиналып жатамыз. Әсіресе сенбі, жексенбі күндері барлығымыздың бір дастарханнан тамақтанамыз. Түнгі екі-үшке дейін гу-гу әңгіме айтамыз, уақытымызды көңілді өткіземіз. Бір жаманы сағат 22:00-де тексеру жүргізіледі. Жатақхана белсенділері студенттердің тәртіптерін, тыныштығын тексереді.
    Жатақханадағы студенттердің қатты күтетіні -ауылдан жететін бір дорба. Бұл жердегі ең бақытты студент те дорбасы келген жан. Сол күні ет асылып, ұлан асыр той жасағандай қуанып қалатындарын жасырмайды.
    - Барлығын бөлісіп жейміз, жасырып қою, тығып қою деген бізде қалыптаспаған. Өзімізде нан, шекер аз қалса да, келесі бөлмедегілер сұрап келсе «жоқ» деп айтуға ұяламыз. Бір-бірімізбен бөлісуге, көмектесуге әрқашан
    дайын тұрамыз. Меніңше студенттік өмір жатақханада жатқандығымен қызық сияқты. Өмірдің қиындығын да, қуанышында бірге көретін достарың болады. Ол да сен сияқты жан болғандықтан, сені жақсы түсінеді. Бір қызығы сенде жоқ затты, жатақхананы шарлап жүріп тауып аласың,- дейді кейіпкеріміз.

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Жатақханаң жайлы ма, студент?!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Жастар үйі” пайдалануға берілді
  • Жатақханадан қуылған ақтөбеліктер далада қалуы мүмкін
  • Студент, халің қалай?
  • Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды
  • Емтиханнан сүрінген студент өз-өзіне қол жұмсады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге