Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    “Ас” деп 1-ші дүниежүзілік соғыста әуедегі ұрыстың шеберлерін атаса, қазір өз ісінің нағыз мамандарын осылай деу сәнге айналды ғой. Жаргон дерсіз. Театрға күнде барып, кілеміне сүрініп, шаңын жұтып, актерлермен сүйісіп амандасып, репертуарды бес саусақтай білетін “ас” емеспіз. Дегенмен, премьера туралы ой бөлісуді жөн көрдік. Сынға да, эссеге де жатпайды.

    Премьера әлде танымалдылық?
    Ақтөбедегі “Ревизор” премьерасының 4-ші күнгі қайталауына тап болдық. Фойедегі нөпір халықты көріп, көз қуанды. Немересі әжесін қолтықтап, сіңілісі арбаға таңылған әпкесін жетектеп, әріптестер, достар болып жұрт ішке ағылды. Кішкентай да, ересек те, балалар да бар. Афишада “18+” деген ескертудің бар-жоғы есімізде жоқ. Әйтеуір келіп жатыр. Театр қызметкерлері жай орындықтарды да “сатуға” мәжбүр болғандарын айтты. Куәлігімізді көрсетіп, премьераның дайындығын көруге беттедік. Бірді-екілі қырағы қызметкерлердің көзіне түсіп қалып, “ол жаққа бармаңыз”, “қайда барасыз” деп жатты. Керемет декорация күткенімізді жасырмаймыз. Бірақ көрерменнің онымен шаруасы жоқ. Не үшін келді: алғаш қойылғалы отырған спектакль үшін бе, әлде Болат Әбділмәнов пен Айгүл Иманбаеваны көру үшін бе? Түсініксіз. Сонда да таразы басын танымалдылықтың басып тұрғаны айқын.

    “Ревизор” комедия ма?
    Комедия деген не? Көрермен үшін көңіл көтеретін, күлдіретін жанр. Тіпті күліп отырып, сахнада актердің шын мәнінде не айтқысы келгенін ұқпай қалуы мүмкін. Ал, нағыз комедияның жүгі ауыр, соның ішінде “Ревизордың” айтары тереңде жатыр. Бұл бір жағы Крыловтың мысалдарына келетін сияқты. Гоголь кейіпкерлерінің ешқайсысын аямаған. Мұнда жағымды кейіпкер жоқ. Бәрі шетінен өтірікші, атаққұмар, арамза, ақымақ, жағымпаз...дүниедегі барлық жаман қасиеттер осы кейіпкерлерден табылады. Тіпті Антон Антоновичтің қызы да аңқау, жеңілтек етіп суреттелген. Акцент – паникада. Қазақ театрларының қойылымындағы айғай-шу, апыр-топыр кейде көрер көзге оғаш көрінеді. Мүмкін ойнап жүрген актерлер қызып кетіп, дер кезінде өздерін тоқтата алмайтын шығар?! Ал, енді “Ревизордағы” паника – таныс паника. Үйімізге қонақ келеді десе де паника ғой?! Неге комедия деп сұрап отырмыз. Кезінде Гогольдің өзі “Ревизордан” кейін бір жақсылықтың боларына, адамдар өздерін сахнадан көріп өзгеретініне сенсе керек. Ал, олар қойылымның не туралы екенін түсінбеген де. Бізге дейін де қаншама адам осы сөзді қайталап айтқан шығар. Біз де айтамыз. Бұл – XXI ғасырдың трагедиясы. Бұл – “Назарбаев келе жатыр” деп, бір түнде асфальт төсеп, ескі клубтың сыртына плакат іліп қоятын, ауылдың ахуалына қатысы жағымды цифрларды екі еселеп, жағымсызын нөл қылатын, қойларына бантик тағып, зауыттағы жұмысшыларына өмірі көрмеген су жаңа форма мен каска кигізіп қоятын “Антоштардың” тірлігі. Тамырымызға дендеп кірген жегі құрт – парақорлықтың көрінісі. Халық та немқұрайлы. Сонымен де өлмейтін шығарма шығар?! Өйткені парақорлықты түбімен жою дәл біздің жүйеде мүмкін емес. Ең соңында жоғарыдағы есіктен кіріп келетін нағыз ревизор – сын сағатта, таразы алдындағы есеп-қисабымызды сұрауға келген періште ме деген ой туғызды. Бұндағы өң мен түс – өмір мен өлім, ал Хлестаков пен нағыз ревизор – періште мен жын. Баспалдақ – қыл көпір. “Жұмақты” аңсаған дуанбасы оған жете алмады. Актерлерге жеке-жеке тоқталу үшін характерлерін жетік білу керек. Мұнымыз ұят та шығар: сырттан келген актерлерді беске танып, өзіміздің актерлерді жөнді білмейміз. Бөліп-жарып айтудың реті жоқ. Дегенмен, орташа көзқарастағы көрерменнің көзімен Земляникиннің рөлін ерекше атауға болады. Аспай-саспай, төкпей-шашпай үш сағат бойы жақсы ойнап шықты. Өмір сүрді десе болады. Амбициясы ішіне сыймай тұрған актерлерді көріп, театрымыз үшін қуанып отырғанымыз тағы бар. Айгүл Иманбаева да сұқбат барысында (сұқбат келесі нөмірде – ред.) талантты жастардың облыста көп болатынын, соның ішінде ақтөбелік әріптестерімен сахнада партнер болу қиынға соқпағанын айтты.

    “Есікті жауып қою керек шығар”
    Спектакль уақытында басталды. Дегенмен, жарты сағат бойы кешігіп келген көрермендердің кесірінен қойылымды беріліп көру мүмкін болмады. Бала жылады, телефон шырылдады, пыш-пыш айтылған әңгімеден елеңдей бердік. “Кедергі келтірмеңдер” деп бірнеше рет ескерту де жасадық. Театр қызметкерлері бұлай жалғаса берсе, есікті жауып қойып, тәртіпке шақыру керек шығар деп айтып қалды.

    Түйін
    10-14 ақпан күндері Ақтөбедегі өткен “Ревизор” комедиясының премьерасы аншлагпен өтті. Халық сергідік деп риза шығар. Жауапты мамандар олардың ықыластарына риза шығар. Актерлердің алдында жаңа қойылым, жаңа рөлдер. Ал, Гогольдің арманы қашан орындалмақ?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Гогольдің арманы қашан орындалады?

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Айта-айта Алтайды...”
  • Аман Құлбаев: “Клоун болғым келді”
  • Кеңес КЕМАЛБАЕВ: Театрға келмегенде тергеуші болар едім
  • Қалалық білім бөлімі басшысының жеке “ватсабына” 5 мыңнан аса хат келген
  • Тахауи театрындағы бір күн
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге