Ақтөбелік бүлдіршіндер салқын сумен шынығады

    Ақтөбедегі "Балдәурен" балабақшасының тәрбиеленушілері суық сумен шынығады. Олар бұл әдісті 3 жылдан бері жалғастырып келеді.

    Балабақша меңгерушісі Нұргүл Ғабитқызының айтуынша, сумен шынықтыру әдісі қаламыздағы басқа ешбір балабақшада жоқ.
    - Мектепке дейінгі бұл ұйым қаладағы танымал балабақшалардың бірі болып есептеледі. Шынықтыру ортаңғы топтан басталады. 3 жыл бойы шынықтырып келе жатыр. Бақылау нәтижесі балалар аурушаңдығының төмендегенін көрсетеді. Бұл әдісті басқа ешбір педагог меңгеріп кетпеген. Сол үшін де кейде мақтанамыз. Республикамыздың басқа балабақшаларында бар да шығар. Бар деп ойлаймын. Алайда, іздеп, сұрастырып көрген жоқпын. Дегенмен қала, облыс, республика деңгейінде таратамыз деген ойдамыз. Осы бастамамызды республикалық деңгейде көреміз деген үмітіміз де бар. Осыған күш салып жұмыс жасап жатырмыз. Семинарлар ұйымдастырып, таратқымыз келеді. Қазіргі таңда осы зейнеткер қызметкеріміздің тәжірибесі мен әдісін қабылдап алатын жас маман таба алмай жүрміз. Жастар бұл істі жалғастырудан қорқатын секілді, батылдығы жетпейді, - дейді ол.
    Балабақша әдіскері Тасмиля Бекмухамбетованың айтуынша, балаларды бұл әдіспен шынықтыру үшін ата-ананың рұқсаты керек.
    - Балалардың барлығы бірдей суық су құйынуға міндеттелмейді. Тек ата-анасының рұқсаты бо-йынша ғана. Кейбір балалар өздері сумен шыныққысы келеді, бірақ ата-анасы рұқсат бермесе, ондайларды топқа қоса алмаймыз. Өзімнің немерем де жыл сайын кемінде 4 рет ауыратын еді. Осы балабақшаға ауыстырып, құйынуды бастағаннан бері ауыруы сиреді. Сонымен қатар кезінде Ольга Васенковадан осылай шынығуға үйренген кейбір ата-аналардың өздері балаларын осы кісіге алып келеді, - деді әдіскер.
    Мектеп мұғалімі болған Ольга Васенкованың зейнетке шыққаннан кейін осы балабақшада дене шынықтыру бойынша жұмыс жасағанына көп жыл болған. Оның айтуынша, балаларды қысқы ауадағы салқын суға үйрету ақпан айынан басталады. Себебі бұл уақытта қар көп болады және жас балалардың салқын ауаға үйренісуіне тиімді уақыт екен.
    - Ақпан – денені салқынға үйрету үшін ең қолайлы уақыт. Қар көбірек, температура тиімді болады. Шынығу табаннан басталады. Қарға жалаң аяқ шығып келуге немесе ішке алып келіп табанды басуға болады. Уақыт өте су тізеге дейін құйылады. Сосын біртіндеп жоғарылай береді. Балалардың бастарына су құймаймыз. Қыз балалардың шаштары кеуіп болмайды, сондықтан салқын тиюі мүмкін. Судың температурасы 15ºС-тан басталып, біртіндеп төмендетіле береді, - дейді Ольга.
    Ол өзінің салқын суға қаншалықты бауыр басқанын былайша жеткізді:
    - Суық су құйыну мен үшін есірткі секілді. Мұны қыста салқын сумен шынығатындар ғана түсінеді. Күн сайын бұлай етпесем, бірдеме жетіспегендей болады да тұрады. Нашақорлардың сүйектері сынып ауырады дейді ғой, менікі де сол секілді. Шыдай алмаймын. Құйынып болғаннан кейін ғана өз-өзіме келіп, жаным жай табады. Өмірімде ауырып көрген жоқпын. Бір рет ішіме ота жасалды. Отадан кейінгі үш күннен соң дәрігерлерден жасырынып, ваннаға кіріп есікті кілттеп алдым да, үстіме суық су құйдым. Қызымды да туғаннан кейін суық суға үйреттім. 15 жасқа келгенше, менімен бірге су құйынатын болды, - дейді ол.
    Оның дәрігерге қаралу картасы да жоқ екен. Онысы тексеріліп, ота жасату үшін ауруханаға түскенде бір-ақ белгілі болған. Аталған балабақшада сумен шынығатын 40 шақты бала бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік отбасы қарға шомылуды күнделікті әдетке айналдырды
  • Ақтөбеде балалар арасында көз аурулары көбейген
  • Ақтөбелік оқушылар суық мектепте оқуға мәжбүр
  • 100 жылда болмаған қыс келе жатыр
  • Бесқонақ келді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге