Ойылда өмір түнде басталады

    Ойылда өмір түнде басталады

    █ Айналамызға көз жүгіртсек қала баласының қолында бір-бір телефон. Далада асық ойнап, шаңға аунап жүгіріп жүрген баланы байқамаймыз. Жаз басталысымен бұрынғыдай ауылға жүгіретін бала жоқ. Үй қамауындағы баладай екі аяқты екі жаққа көтеріп, телефонмен әуреге түседі. Ауыл балалары да ауыл тіршілігінен шаршаған болу керек. Қалаға келіп, ауылдан қашып тұрады. Бүгінгі ауыл балаларының тіршілігі қандай? Олар немен айналысады? Осы сұрақтың жауабын білмек болып «Керек.info» тілшісі ауыл балаларымен сырласты.

    Ақтілек ОРЫНБАСАРОВА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Бес жүзден астам халқы бар ауыл тып-тыныш. Бұрындары алыстан айқайлайтын кемпір мен шалдың дауысы да естілмейді. Есік алдынан тірі жанды кездестірмейсің. Барлығы бірдей түскі ұйқыдан тұрып, шайларын ішіп отырғандай. Шынымен де солай екен. Бүгінде ауыл адамдарына қаладағыдай барлық жағдай жасалған. Дегенмен ерте тұрып сиыр сауып, мал жайлау әлі де қалар емес. Бәлкім ауыл осымен ерекше болар. Олардың да қолдарында сымсыз телефон. Кіретіндері әлеуметтік желі. Барлығына үлгеріп жүр. Түскі ұйқыдан кейін міндетті түрде ауыл балалары жайлаудан келетін қойларын күтеді. Әркім өзіне тиесілі қойларын үйірлерімен бірге бөліп алады. Тіптен олар өздерінің үйлерін біліп алғандай бөлек-бөлек жүре жөнеледі.

    Ойылда өмір түнде басталады

    «Үнемі көршіден адасқан қой іздейміз»
    - Таңнан кешке дейін ауылдың тіршілігі бітпейді. Бірақ барлығына үлгереміз. Үйдегілермен бірге үнді киносын көреміз. Қатарымыздан қалмай интернетке де кіреміз. Тек кешкісін қой келетін уақыт ұнамайды. Үйдегілердің “қойларды түгенде деген сөзін естімесек екен” деп отырамыз. Енді қайтеміз. Күнделікті жұмысымыз осы. Сен қызсың, сен ұлсың деп бөлінбейміз. Қолымызға бір шыбығымызды алып көршінің есігін қағумен боламыз. Бір аяғынан ұстап алып үйге алып келу қиын. Бір қойдың артынан үйдегі барлық бала жүгіреміз. Кейде қызық болып көрінеді. Кейде жылағың келеді. Қанша дегенмен қаланың өміріне қызығып кетемін. Олар қой, сиыр, жылқы бақпайды. Біздің таңымыз қой шығарумен өтіп, қой шығарумен аяқталады. Бірақ ойнап та үлгереміз,-дейді 12 жастағы Айнара Артекқызы.

    Ойылда өмір түнде басталады

    Баланың ойыны кешке қызады
    Шаңдатып қой келгеннен кейін тыныш тұрған ауыл көшесіне балалар қаптап кетті. Әр үйдің өзінен үш баладан жүр. Орталық саябақта қараңғы түскенше ойнады. Бірі ән салды. Бірі бағалап отыратын қазы болды. Бірінің інісін келесісі ұрып жіберсе араша түсер жанашыры болды. Сыртынан қарап отырып ауыл баласының қалалық бүлдіршіндерден ерекшелігін көруге болады екен.
    - Үнемі кешкісін барлығымыз осы жерде жиналамыз. Мейрам күндері осында концерттер болып тұрады. Балаларға би кешін ұйымдастырады. Үш-төрт күн бұрын осында би кеші болды. Музыкант ағай келіп әдемі әуен қосқан еді. Бірақ ешкім билемей тұрып алды. Ағай ренжіген болу керек. Аспаптарын жинап алып, әуенін өшіріп тайып тұрды. Сосын барлығымыз тарап кеттік,-дейді ауылдағы Ақжібек есімді кішкентай қыз.
    Балалы үйде ұрлық жатпас деген. Не көрді, не естіді барлығын айта салады. Тәтті тілімен ауылдағы барлық шындықты да тілшіге айтып берді балақайлар.

    Ауыл әкімі «банкротқа» ұшыраған
    Қараңғы түскеніне қарамастан саябақта біраз бала ойнап жүр. Саябақта бірнеше жарық ілініп тұр, бірақ ешқайсысы жанбайды. Өздері мақтанышпен жеткізген ауыл есімі де кешкісін әдемі жарыққа бөленуі керек еді. Кеш батып кеткеніне қарамастан, балалар жарықсыз-ақ ойынның түбін түсіріп жүр. Ойын балаларының бірі әзілдеп «ауыл әкімі банкротқа ұшыраған» деп қатты дауыспен айтып қалды. Ойын балалары кішкентай баланың сөзіне күліп жіберді. Жарықты жақ деп тапсырған әкімнің көмекшісі ұйықтап қалған-ау. Балалар алаңда жарықсыз ойнады. Сағат ондарға таман барлығы үйлеріне қаша жөнелді. Ауылда тұрса да полицияға ұсталып қаламыз деген үрейлері басым.
    - Біздерге сағат оннан кейін жүруге болмайды. Бірде солай жүреміз деп полицияға ұсталып қала жаздадық. Айналамызға қарамай қаштық. Тіптен сағат тоғыз болса болды саябақ қызметкері бізді осы жерден қуып шығады. Есікті құлыптап кетеді. Біздер сонда да тесік жерлерден кіріп ойнап жүреміз. Осыдан басқа бізде ешқандай ойнайтын жер жоқ. Сондықтан осындай айламызды қолданамыз. Сағат оннан кейін ауылдың полицияларына талай рет ұсталдық. Олар ауылдан болғасын бір-екі рет кешіре салады. Бірақ үйде аналарымыз ауданнан келетін полицияға ұсталсаңдар біттіңдер деп отырады. Ауыл болса да тәртіп қатты,-дейді Ақтілек есімді бойжеткен.

    Ойылда өмір түнде басталады

    Ауыл баласының қалалықтардан айырмашылығы
    Ауыл балалары қазақылықты, салт-дәстүрді сақтаған. Күн бата ұйықтап, таңмен таласа оянады. Ауылда тып-тыныш. Жайқалған тамаша табиғат. Қорада мал. Балалары да соған бейімделген. Ауыл үлкендерінің сөздері бойынша оларға қалада тұру қиын. Қаланың баласымен ауыл баласын салыстырғанда момын, жуас, ірі денелі болып келеді. Әрине. барлығы бірдей емес. Ауылдың табиғи сүті пен майын жеп өскен баланың дені сау болатыны шындық. Ауыл баласымен сырласа келе қаладағы өмір ауылдық балаларға қызығырақ екенін білдік. Бәлкім олар да күнделікті қайталана беретін өмірден жалыққан болар.

    P.S: Бала күнімізде біз шырқаған «Жазда атамның ауылына, Барып едім қыдырып…» деп басталатын әннің де аяқталар шағы келген тәрізді. Себебі, мұны қазіргі балалар айтпайды. Өйткені, олар ауылға бармайды. Сондай-ақ, қалалықтар ауылда зейнетақы мен азын-аулақ малға қарап отырған ағайындарын әбігерге салғысы келмейді. Ел арасындағы түрлі оқиғаларды естіп, қауіпсіздікті ойлайды. Соңында баланың төрт қабырғаға телміре қарап отыруына тура келеді. Ауылға баруға балаларды қызықтыру үшін бір амалын қарастыру керек. Сіз қандай тәсіл ұсынар едіңіз, құрметті оқырман?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл маңында қасқырлар жүр
  • Бекқұлбаба ауылында көше жарығы теріс орнатылған
  • Ауыл тұрғындары мәдениет үйі үшін уайымдайды
  • Көк мұз Мұғалжардың 5 ауылын жарықсыз қалдырды
  • Христиандардың бейітін қиратқандар ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге