«Baqytty bala» жиырма баланың бағын ашты

    Ақтөбеде талантты балаларды жұлдыздай жарқырататын «Baqytty bala» ІІ ашық фестиваль байқауы өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған байқауда Нұр-Сұлтан қаласынан келген Айкерім Тілеубек пен ресейлік Ислам Балкоев бір сәтте миллионер атанды.

    Екінші рет өткізілген «Baqytty bala» фес-тиваль байқауы жылдағыдан өзгеше болды. Қазылар алқасының шешімімен екі жеңімпазды анықтаған бұл байқау көрерменнің таңданысын туғызғаны рас. Жүлде қоры да алдыңғы жылға қарағанда еселеніп кетті. Байқаудың қорытындысын анықтау барысында ұйымдастырушылар – «ДимашАли» продюсерлік орталығы мен шақырылған сарапшылар қиын жағдайға түскенін марапаттау кешінде айтты. Ойлана келе пікірталас туғызып, екі қатысушыға да бас жүлде беретін болып шешім қабылдаған. Шет мемлекеттері қызыққан бұл байқау қатысушыларға үлкен мүмкіндік сыйлады. Байқаудың бас жүлдесіне таласқан қазақстандық Айкерім Тілеубек пен ресейлік Ислам Балкоевқа жүлде қоры теңдей бөлінді. Екеуі де қазылар алқасын таланттарымен тәнті етті. Бұл байқаудың екінші бас жүлде иегері ресейлік Ислам Балкоев осыған дейін «Голос. Дети» телевизиялық шоуы арқылы көрерменге жақсы таныс. Облыс басшысы «Бақытты бала» фестиваль байқауының балалардың болашағына септігін тигізетінін ерекше атап өтті.
    - Әр адам өзінің баласының бақытты болғанын тілейді. Ал, қоғам болашағын ойласа сол балаларға жағдай жасайды. Елбасының тікелей тапсырмасымен жастарымызбен балаларға барлық жағдай жасалып жатыр. Үлкен мақтанышпен айтатын «Бақытты бала» фестиваль байқауы Ақтөбеде екінші рет өткізіліп отыр. Осы орайда ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Бұл байқау жаңадан өсіп келе жатқан өнерлі балаларға қамқорлық пен қолдау. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт ұрпақ өсіріп, бала тәрбиелеу. Байқау қатысушыларға жақсы мүмкіндік сыйлайды. Алдыңғы жылдың жеңімпазы Ержан Максим бүгінде халықаралық сахналарда өнер көрсетіп жүр. Бірнеше мемлекеттің балалары жиналған бұл байқау мемлекеттер арасындағы мәдени достықты нығайтуына септігін тигізеді деген сенімдеміз,-дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
    Бас жүлде иегерлерін марапаттау рәсіміне шыққан Қанат Айтбаев көрермен қатарында отырып балалардың өнеріне тәнті болғанын жеткізді. Үлкен сахнаның жарық жұлдыздары өсіп келе жатқанына риза болды.
    - Шындығында да біздің сахнаның керемет жұлдыздары өсіп келе жатыр. Шын жүрекпен, әдемі дауыспен, образға ене оты-рып күрделі әндерді сахнаның төрінде жүрген аға-апаларынан қалмастан орындауы адамның жанын тебірентеді. Сахнаға шығып тұрған жиырма баланың барлығы да жеңімпаз. Өйткені бұл балалар финалға шыққан жеңімпаздар. 9 мемлекеттен 500-ден артық тапсырыс түсті. Соның барлығы 3 айдың ішінде сарапталып, 500 баланың ішінен 20 бала іріктелді. 500 баланың ішіндегі 20 бала ең мықты балалар деген сөз,-дейді «Димаш-Али» продюсерлік орталығының басшысы Қанат Айтбаев.
    Есімі аталған жеңімпаз қатарында елорданың тумасы Айкерім Тілеубек пен Ресейдің Түмен қаласынан келген Ислам Балкоев – "Baqytty bala" ІІ ашық фестиваль байқауының жаңа қос жұлдызы болды. Бас жүлдені жеңіп алғандардың әрқайсысына 1 000 000 теңге сомасында сертификаттар табыс етілді. Марапатын алып, сахнадан түскен Айкерім Тілеубек өз әсерімен «Керек.info» тілшісіне бөлісті. Қатты қобалжығанын жеткізіп, әлі де сенбей тұрғанын жасырмады.

    - Жеңемін деп ойлаған жоқпын. Дегенмен үміт болды. Қатты қуанғандықтан есімнен танған адам сияқты болып тұрмын. Ең басында егер осыны бүкіл адам естісе, ата-анама және мені сахнаға әкелген жандарға рахметімді айтқым келеді. Таланты бар адам сахнада ән айта алады. Алғашқы орындаған «Жұмақ мекен» деген ән өзімнің әкем, белгілі композитор Медет Салықовтың әні болатын. Мен оны бір жарым ай ішінде орындадым. Екінші орындаған әлемдік хит әнді бір жыл бойы айтып жүрмін. Енді келесі маусымдағы 2020 жылғы «Бақытты бала» сайыскерлеріне сәттілік тілеймін. Барлығына бақыт тілеймін. Барлығымыз бақытты баламыз. Менен бұрын ата-анам қуанатын шығар. 20 шілде күні 12 жасқа толамын. Бір жағынан бұл жеңісім туған күніме деген сыйлығым болды,-дейді «Baqytty bala» фестиваль байқауының жеңімпазы Айкерім Тілеубек.
    Соңғы уақытқа дейін Димаш Құдайбергеннің байқауда болатыны белгісіз болды. Гала-шоуға ұшып келетіні бір күн бұрын ғана анықталды. Жеңімпаздарды анықтағанша сахнаға көтерілмеген Димаш көрермендерге ерекше тосын сый жасады. «Армысыздар, құрметті жерлестер!» деп сөз бас-тап, ыстық ықыласын жеткізді.

    - Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Қабылдауларыңызға, құрметтеріңізге, қолдауларыңызға көп рахмет. Бүгін мен үшін ерекше күн. Бүлдіршіндеріміздің керемет дауыстарына тәнті болдым. Дина апай менің ең алғашқы ұстазым. Осыдан 20 жыл бұрын апайымның сүйемелдеуімен бір ән орындаған едік. Енді міне 20 жылдан кейін тағы да бір мәрте бірге өнер көрсетеміз,-деді Димаш Құдайберген.
    Қатарынан бірнеше ән орындап, залдағы көрермендерді еріксіз орнынан тұрғызды. Байқау соңында тосыннан бас жүлде иегері болған Айгерім Тілеубектің есімі сахна төрінде екінші рет аталды. Бұл жолы оны сахнаға шығарған Димаш Құдайбергеннің өзі еді.
    - Бас жүлдеге ие болған Айкерім Тілеубек деген қарындасымыз менің
    келесі шетелдегі концертімде бірге өнер көрсететін боламыз,-деп қорытындылады Димаш Құдайберген.
    Фестивальге қатысқан жиырма баланың арманы бір сәтте орындалды. Себебі олар орын үшін таласпады. Барлығының арманы Димашпен кездесу. Димаш өнер көрсеткен сахнада ән айту. Дегенмен балалар қобалжығанын жасыра алмады. Олардың әрқайсысы үшін бұл күн ерекшелікке толы болды.
    Жүлдегерлерді соңынан бастап таныстырсақ, қостанайлық Исатай Болтахан және Алматы қаласының үміткері Қарақат Башанова жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Олардың әрқайсысы 100 000 теңге сомасында сыйлық сертификатпен марапатталды. Екінші орынға Украинаның Харьков қаласынан келген Дарина Галицкая мен ақтөбелік Аңсар Жүсіп лайық деп танылды. Оларға 150 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табыс етілді. Ал, бірінші орынды Ресейдің Тула қаласынан келген Мария Панюкова мен алматылық Нұрлыбек Сапарбай жеңіп алды. Бәсекелестерінен өнер бәйгесінде оза шапқан жас әншілер 250 000 теңге көлеміндегі сертификаттарға ие болды.

    Осындай талантты жастарды анықтаған байқаудың қазылар алқасы да ерекше болды. Олардың қатарында қалың көрерменге «Х-фактор» жобасы арқылы танылған, Украинаның танымал әншісі Аида Николайчук бар. Тәуелсіз өкіл ретінде әйгілі «Голос» тележобасының жұлдызы, грузин орындаушысы Нини Цнобиладзе шақырылды. Сондай-ақ көптеген жұлдыздармен жұмыс істейтін Ресейдің өкілі, композитор Евгений Евзеров кірді. Қазылар алқасының құрамына елімізден Димаш Құдайбергеннің саунд-продюсері және музыка көркемдеуші Ерлан Бекчурин болды. Танымал композитор әрі орындаушы Ұлықпан Жолдасов және Димаштың ұстазы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Марат Әйтімов шақырылды.
    Еске сала кетейік, «Baqytty bala» фестиваль байқауының бірінші маусымының финалисі Нарғыз Жанұзақ Лондонда өткен концерт залының сахнасында әйгілі әншімен бірге дуэтте өнер көрсетті. Ал, екінші Бас жүлде иегері Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» танымал жобасында мәскеулік көрермендерді дарынымен тамсандыра білді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Бақытты бала» байқауының жеңімпаздары анықталды
  • “Бақытты бала” байқауының бас жүлдесі 2 млн теңге
  • Димаш Құдайберген бақталастықтың құрбаны бола жаздады
  • Димаш – “Славянский базар-2015” конкурсының Гран-при иегері
  • Әншінің әжесі: Димаш – халықтың ұлы!
  • Пікір

    ^ Үстіге