21/9/2017

    Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”

    Ол бала кезінен қисса-жырларды жаттап өсті, жас кезінен домбыраға үйір. Оның ең алғашқы өлеңі ғашықтықтан туды. Ол 17 жыл бойы мәдениеттен шет қақпайланып жүрсе де, өнерін тастамады. Ол үшін ең маңыздысы – оның отбасы. Сосын барып ақындығы, сазгерлігі. Ол – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын-сазгер, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының “Қаламгер” әдеби қонақжайының меңгерушісі Талғат Тілеулесов.

    21/9/2017

    Су тасқынынан зардап шеккендер алғыс айтты

    Ақтөбеде көктем кезінде болған су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде 253 млн-нан артық теңге жиналған. Бұл қаржының 185 миллион теңгесі су тасқыны кезінде баспанасы қираған, үйі жөндеуді қажет ететін отбасыларға берілген. Бұл туралы “Қолғанат Ақтөбе” Қоғамдық Қоры өткізген баспасөз конференциясында белгілі болды.

    14/9/2017

    Балаш Түсіпқалиев: “Дәрігерлер 12 жыл оқып, 45 мың теңге айлық алады”

    Ол – ақ халатын арындай көрген балалар дәрігері. Ол жасы 70-тен асса да, университетте шәкірт дайындап, күн-түн демей, аурухананың да шақыртуларынан қалмайтын, «біліп тұрып, үйде отыра алмайтын» кісі. Ол – «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның білім беру саласының құрметті қызметкері», «Шапағат» медалінің иегері, М.Оспанов атындағы БҚММУ университетінің №1 балалар аурулары мен неонатология кафедрасының профессоры, доцент Балаш Түсіпқалиев.

    7/9/2017

    Иппотерапия – табиғи тренажер

    Шет елдің қай отбасын алып қарасаңыз да, үйінде сүйікті иті не мысығы болады. Ит-мысық асыраудың үлкен мәні бар. “Пет-терапия” деген ұғым барын бұрың-соңды естідіңіз бе? Ол жай ұғым да емес, медицинаның баламалы ем түрі. “Пациенттерді үй жануарының көмегімен емдеу” дегенді білдіреді. АҚШ-та “Pet Therapy International” деген халықаралық ұйым жұмыс істейді.

    7/9/2017

    Баян Сәрсенбина: “Журналистер сот процесінен өтуі керек”

    Ол – ширек ғасырдан бері “Жас Алашына” адал боп келе жатқан журналист. Ол 90-жылдардың басында оқу бітіріп, елдегі үлкен өзгерістердің кезінде өткір проблемаларды көтерді. Ол талай рет сотқа тартылса да, мұнысын қалыпты құбылыс деп санайды. “Сотты көрген журналист отты журналист болады” дейді. Ол – “Жас Алаш” газетінің Ақтөбедегі меншікті тілшісі, журналист Баян Сәрсенбина.

    31/8/2017

    Қайырғали Арыстанғалиев: “Мен әкімдердің “қара тізіміндемін”

    Ол өзін Жаратқан мұқтаж жандарға көмектесуге әдейі жіберген деп санайды. Ол – алпысты алқымдаса да, қартайдым деп қол қусырып отырған жоқ, шаруаның адамы. Ол – кезінде “Желтау” футбол командасын ұйымдастырып, “Желтоқсан жаңғырығы” ұйымын құрған намысшыл, елге пайдасы тиер деген дүние көрсе, аянбай іске асыратын ұлтшыл азамат, Шәмшінің жоқтаушысы. Ол – “Арыстанғали” шаруа қожалығының басшысы, меценат, кәсіпкер Қайырғали Арыстанғалиев.

    24/8/2017

    Естай Жайлыбай: “ Тұңғыш қазақ театрын ашқан біз”

    Ол - Ақтөбеде ең алғашқы қоғамдық ұйым құрғандардың бірі. Ол ел мен жердің тағдыры бәйгеге түскен уақытта үнсіз қалған емес. Десе де популист болудан аулақ. Ол – шындық пен ардың ісі бәрінен жоғары қоятын азамат, тіл жанашыры. Ол – Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің директоры, жоғары санатты ұстаз, «Азат-арда» клубының мүшесі, қоғам қайраткері Естай Жайлыбай.

    24/8/2017

    Болашаққа қадамды бірге жасаймыз

    Елбасы елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынды. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Ақтөбе қаласының әкімдігі мен қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” мақаласын қала тұрғындары арасында талқылау мақсатында “Нұр Отан” партиясының ғимаратында “Болашаққа қадамды бірге жасаймыз” атты кеңейтілген жиын өткізілді.

    17/8/2017

    Әлия Шанғараева: “Ақтөбеде 20 жастағы жігіттер бедеулікке ұшыраған”

    Ол – 1000-нан аса сәбидің “кіндік шешесі”, жоғары санатты дәрігер, акушер-гинеколог, узи маманы, репродуктолог. Ол 23 жылдық қызметінде бедеулікті емдеудің тәсілін жасап, бір жылда 50-70 әйелдің жүкті болуына себеп болды. Ол – оқу мен еңбекті, карьера мен отбасын қатар алып жүре алған, өзін олжалы, бақытты санайтын әйел. Ол – “Әлия” медициналық орталығының жетекшісі, “Медицина саласының үздігі”, “Дәрігер – Ана”, акушер-гинеколог Әлия Шанғараева.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге