24/5/2018

    Төрт түліктің төресі

    Қазақ күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Сол малдың ішінен "төрт түліктің төресі" деп, түйені ерекше бағалаған. Шалқар ауданындағы “Азамат” шаруа қожалығы – облыстағы түйе өсіретін аз ғана шаруалардың ішіндегі ірісі. Бүгінде қожалықта 120 түйе бар.

    17/5/2018

    Ақ лайнерге үміт артқан қос ғашық

    2005 жылы Болат пен Айнұр туралы БАҚ-та жазды, ақындар да жырлады, халық та тебіренді. Жүрегі қатты адамның өзін езіп жіберетін 13 жыл бұрынғы оқиға ата-ананы естерінен тандырып, күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырды. Шынашақтай қыз бен батыр тұлғалы жігіттің есімдері тарихта алтын әріптермен жазылды. Сол ма еді керегі?...

    17/5/2018

    «Нәтижесіз кеткен балалар жоқ»

    Оның өмірі боевик кинолардың мотивіне ұқсас. Қоңырау соққандағы зілді дауысы көп жағдайды аңғартты. Артық мәймөңкелеу жоқ. Сұқбатқа келісіңкіремей келісті. Бір апта бойы жұмысына барып, жақыннан тануға тырыстым. Тағдырының «сыйы» әбден ысылтқан. Сүрініп қайта тұрғанын айтты. 15 жылдан бері массажбен айналысып келеді. Кейінгі бір жылда сал ауруына шалдыққан балалармен жұмыс істей бастапты. Ал, балаға келгенде мүлдем басқаша...

    17/5/2018

    Отбасы берекесін сақтау үшін...

    Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан, ондағы берекені, татулықты, тыныштықты сақтау оңайға соға бермейді. Өмірдің небір дауылдарына бірлесе төтеп беру, қиын сәттерде бір-біріне демеу болу, бүгінде көпшілік отбасыларда таптырмайтын нәрсе.

    17/5/2018

    Әулиекөл сиыры - отандық бренд

    Темір — мал шаруашылығына ең қолайлы өңір. Өкінішке орай, ауданда бұл шаруаны қолға алғысы келетіндер сирек. Мал бағамын деген адамға мүмкіндік көп. Облыста жайылымдық жердің өзі 25 миллион гектар. Оның 35 пайызы ғана пайдаланылады. Мал өсіру үшін жер де, су да бар. “Мал өсіремін” деп әрекет еткенді мемлекет қолдауға әзір.

    3/5/2018

    Ақтөбеде қайырымдылық балы өтті

    Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нде 2009 жылдан бастап қайырымдылық балы өткізіліп келеді. Жетім балалар мен мүгедек балалардың проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында болатын. Осы жолы да VIII қайырымдылық балы өткізілді.

    3/5/2018

    “Өлеміз” деп жылайды...

    “Керек.info” газетінің редакциясына хабарласқан келіншек аты-жөнін көрсетпеуді өтінді. Қ. А. – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Бұрын жеке кәсібіне байланысты бірнеше рет онлайн несие алып, соңғысын денсаулығына байланысты төлей алмайды. Барлығы осыдан басталған. Оның бастамасымен ашылған ватцап желісіндегі 300 адамнан тұратын топқа өзі сияқты онлайн несие алып, төлей алмай, басар тауы, барар жері қалмаған қарыз алушылар жиналған. Олардың барлығы онлайн несие рәсімдеп, өте жоғары пайызынан қарыздары бірнеше есеге өсіп кеткендер.

    3/5/2018

    Бір үйге екі полицей артық етпейді

    Ақтөбе облысында жиырмаға жуық ерлі-зайыпты полицей тұрады. Солардың бірі – Жанболат пен Айгүл Байдәулетовтер. Қос тәртіп сақшысы Ақтөбе облысы ІІД еңбек етеді. Олар қызметке деген адалдығымен және отбасындағы сыйластығымен өзгелерге үлгі. Ерлі-зайыпты полицей Байдәулетовтер 9 жылдан бері жұптары жазылған емес. Үйде де, қызметте де бірге. Таңертең жұмысқа бірге келіп, қызметтен үйге бірге қайтады. Алайда міндеттері басқа. Жанболат Байдәулетов – есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы,полиция майоры.

    3/5/2018

    “Күйеуіме күнде рахмет айтамын”

    Ақтөбелік Динара Еділованы “Миссис World Wide-2017” халықаралық байқауына қатысып, “Ең үздік көйлек” номинациясы мен “Ұлт бейнесі” тәжін жеңіп алған кезінен таныдық. Үш баланың анасы, қайырымдылық қордың президенті, тізімді жалғастыра беруге болады. “Алмаз” қайырымдылық қорының президенті оқырмандарға өз өмірінен сыр шертті.

    3/5/2018

    Ұлттың жаңғыруы балалардан басталады

    Ақтөбеде алғаш рет патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатқан қыздарға арнап «Сырғалы қыз» рәсімі өткізілді.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге