12/4/2018

    Түрмеден шыққан 13 адам жұмысқа орналасты

    Жыл басталғалы сотталғандардың қайта құқық бұзуы бойынша 26 факті тіркелген. Бұл қайталанған құқық бұзушылықтардың жалпы санының 58% жұмыссыздар үлесіне тиесілі. Ауыр қылмыстың негізгі себебі - бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдардың әлсіз әлеуметтік бейімделуі екен. Бұл туралы Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы Ернат Ақылжанов мәлімдеді.

    12/4/2018

    “Әкімнің орынбасары ақымақ па?”

    Наурыз айының соңы ақтөбеліктер үшін шулы аяқталды. Келер жылы құрылғанына 150 жыл толатын Ақтөбе қаласын екі үлкен ауданға бөлу туралы мәселе желідегі жұртшылықтың ашуын шақырса керек. Оған Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың ұсынысы себеп болған.

    12/4/2018

    850 миллион теңгеге салынған мектеп су астында қалды

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 4-ақ ай бұрын келіп, лентасын қиған Ақшат елді мекеніндегі Ә.Бөкейханов атындағы мектеп тасқын сулардың қоршауында қалды. Мектептің шатыры шұрқ-тесік. Қабырғалары сөгіліп жатыр. Білім бөлімінің басшысы жұмыстан кетті. Мектепті салған құрылыс фирмасы бұған не дейді?

    12/4/2018

    “Саяхатымның нүктесін Марспен қойғым келеді”

    Данат Әлиев – дүние қууды ойламай, 10 жылдан бері ел-жерді аралап жүрген ақтөбелік жігіт, саяхатшы. Оның мақсаты әлемнің ең керемет 100 еліне бару болса, соның бүгінде 44-не табаны тиіпті. Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Африка, тіпті Антарктида да болған. Бүгінгімен өмір сүретін саяхатшының алдағы жоспары қандай? Еліміздегі туризм ісіне неге көңілі толмайды? Шетелде жүріп берген сұқбатын оқи отырыңыздар.

    12/4/2018

    Шалқарда 25 жастағы қыз үй қояны кәсібін дөңгелетіп отыр

    Шалқар ауданының тумасы, 25 жастағы Жанерке Бекмұрзаеваның мамандығы – географ. Оның үй қояны кәсібімен айналысуына аудандық газеттегі хабарландыру себеп болған.

    5/4/2018

    “Құдайберген Жұбанов әлі толық зерттелген жоқ”

    Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушысы, жұбановтанушы Әлия Ұлықпанованың есімін гуглде терсек, алдына “бастамашыл” деген сөз қосылып жүреді екен. Бекер емес. Жарты сағат деп келіскен сұқбатымыз үш сағатқа жетіп жығылды. Әлия Жолдасқалиқызы Жұбановтар туралы сөз бастаса, көзі жанып, дауысы зорайып, құдды бір диссертация қорғап жатқандай әңгімелейді екен. Тұтас әңгімені газетке сыйғыза алмасақ та, ғалымның көп айтыла бермейтін әдебиетшіл, ақындық қырына қатысты тың деректерді жариялауға тырыстық.

    29/3/2018

    “Жарасыммен өмір сүретін жұптың әйелі ерке болады”

    Make-up шебері, екі баланың анасы, 28 жастағы Динара Мирасбек жуырда Ақтөбенің ең сұлу келіншегі атанды. Әкесінің актрисалық жолды таңдауына қарсылығы оның өнерге деген махаббатын еш суытпапты. “Сұлулық байқауына сахнаны сағынған соң қатыстым” дейді өзі. Алайда дайындық интригасыз өтпепті. Динараның “Миссис Ақтөбе -2018” байқауына екі апта қалғанда қатысудан бас тартуына не себеп болды?

    29/3/2018

    Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы марафон өтті

    «Адал жол» деген тақырыппен өткен марафон облыстың барлық аудандарын қамтиды деп күтілуде. Оның эстафеталық жалауы Мәртөк ауданына берілді. Алғашқы марафон осы ауданнан бастау алатын болады.

    29/3/2018

    Қалың қалай, ойылдық шаруа?

    Өз алдына аудан боп құрылғанына ғасыр толмақшы Ойыл мекенін туристер әлі күнге толық зерттелмеген мекен деп санайды. Айтқандай, бұл өлкенің тарихын әріде Асан Қайғы жырлап, беріде алашордашылар өздерінің орталығы етуі тегіннен емес. «Көкжар» жәрмеңкесінің даңқы да әлі күнге аңыз боп айтылып келеді. Құмы да, суы да мыңнан бір ем болатын Ойыл өлкесінің негізгі күнкөріс көзі – мал мен егін шаруашылығы. Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Сүйіндік Төлешұлы сол күнкөріс көзіне айналған шаруашылықтар туралы баяндап берді.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге