29/3/2018

    Ақтөбенің қалталы әйелдері пластикалық отаға ақша аямайды

    Бралов тегі ойылдықтар үшін жақсы таныс. Тіпті ол туралы қағытпа сөз де бар екен. Қағытпа дегенді құлағымыз шалып қалып, Ойылдың бірнеше азаматына хабарластық. “Бала кезімізде “Браловтың қолына түспе, түссең кесіп тастайды” деген қалжың сөз жүретін” дейді күліп... Бәрінің айтқаны – осы.

    15/3/2018

    Венера Серғазина: «Қара шаңырағымның атына кір келтіргім келмейді»

    Венера Серғазина облыстық телеарнаға 90-жылдардың соңында кездейсоқ келді. Орыс тілі пәнінің маманы эфирге 60-қа жуық қыз-келіншектің арасынан таңдалып, суырылып шығады. Қарапайым халық оның қазақ телевизиясының кеңес дәуірінде қалыптасқан дикторлық мектебінің соңғы өкілдерінің бірі екенін біле бермейді. Тағдырын Ақтөбе телеарнасымен ғана байланыстыруына не себеп болды?

    15/3/2018

    «Селт еткізер» сыйлашы...

    Көктем келді дегенше, махаббатқа бөленетін шақ келді дегейсің. Шаттық пен қуанышқа бөлейтін Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызбен бірге ғашықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіретін, жүректердің лүпілін сездіретін ерекше мүмкіндік келеді. Жас жігіт сүйіктісіне "селт еткізер" жасайтын, қыздар да көңілі қалаған жігітіне «ұйқыашар» тарту ететін сәт туады.

    15/3/2018

    Құдайберген Жұбановтың Наурыз туралы өлеңі табылды

    Наурыз мерекесі қарсаңында біртуар тұлға Құдайберген Жұбановтың бұрын еш жерде жарияланбаған хаты бар екен деген сыбысты естіп, «Жұбановтар әлемінің» ғимаратына бардық. Бағытымыз – әулет мұражайы. Ауыздан-ауызға тараған сөздің мәтіні бізге жеткенше өзгеріп кетіпті. Сонда да бос қайтпадық. Қаламгердің «Наурыз құтты болсын» деген өлеңі туралы дерекке тап болдық. Кезінде лақап атпен жариялаған өлеңінде Құдайберген Жұбанов Наурыз мерекесінің өміршең мейрам екенін ашып айтыпты.

    8/3/2018

    Қара дуаның құрбаны болған ақтөбелік әйел өз тағдырын айтты

    Қоғамның қызығушылығы ауыр қылмыс, шоу әлеміндегі жұлдыздардың жеке өмірі, сенсацияға ауып кеткендіктен, 30 жылға жуық буын ауруымен арпалысып, 12 жылдан кейін төсектен тұрған ақтөбелік әйелдің оқиғасымен таң қалдыра аламыз ба, білмейміз. Десек те, төсекте жатып жамбасы ойылған, қоларбада отырып, өмірден түңілген, салы суға кеткен дені сау адамдардың бірді-екілісіне ой салар деген үміттеміз.

    8/3/2018

    Мереке күні гүл 30 пайызға қымбаттады

    Мереке қарсаңында қалада гүл саудасы қызды. Таңсәріден тұтынушылар қатары көбейді. Сатушылардың айтуынша, мерекеге орай бұл жолы Ақтөбеге гүлдер әдеттегіден көп жеткізілген. Әдемі жандар үшін гүл сатып алуға асыққан ақтөбелік жігіттерге таңдау да көп болды.

    8/3/2018

    Келін мәдениеті қандай болу керек?

    Кез келген қыз бала бой жетіп, ой түзеген соң, бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Бұл “қыз – жатжұрттық” дегенді бойтұмардай ұстанған қазақ қызының бәрінің тағдырына тиесілі, көрер қызығы бар қуанышы екені анық. Өйткені жар құшып, ана болу құрметі кімнің болсын да мақтанышы һәм бақыты.

    8/3/2018

    “Алғашқы жұмыс күнім қанды оқиғамен басталды”

    Ақтөбе қаласы ІІБ Сазды полиция бөлімі кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мөлдір Болатбаева. Телефон тұтқасын көтерген кейіпкеріміздің жұп-жұмсақ дауысына алғашында таң қалдық. Мөлдір небәрі 24 жаста. Мақсатына жетпей тынбайтын жас инспектордың демалысы жоқ жұмысы мен уақыт табуға қиналатын жеке өмірі туралы сұрап білдік.

    1/3/2018

    “Анам да, күйеуім де мені жақтамады”

    Ене мен келіннің жыры бүгінде махаббат жырынан кем талқыланбайтын тақырып. Енемен тіл табысу, жақсы келін болу үшін кейде қыруар ақша жұмсап, семинар-тренингтерге қатысқаннан гөрі өмір институтынан сабақ алған қарапайым жандардың мысалы әсерлі болады. “Жар-жардың” кезекті кейіпкері – Бибінұр Бейсенова.

    22/2/2018

    Мүгедектің мұңын кім тыңдайды?

    Ақтөбедегі мүгедек балалардың аналары ашынған жағдайға жеткен. Олар әлеуметтік желі арқылы халыққа өз мәселелерін айтты. Ел арасында бірден қолдау тауып, үлкен шуға ұласып кеткен сол мәселе үшін «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау Қорының» кеңсесінде дөңгелек үстел өтті. 40 шақты қамкөңіл ана облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Құралай Базарбайқызына ерекше балаларының мәселелерін жайып салды.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге