18/1/2018

    Әлішер Садық: “Ақтөбеде жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың жұмысы төмен”

    Әлішер Садық – “Кейіпкерге” әбден лайық жас. Оның амбициясы, ертеңгі күнге деген сенімі, жақсылық пен қайырымдылық жасауға ұмтылысы, еңбекқорлығы кез-келген адамды сүйсіндіреді. Әлішер – 2014 жылы Ақтөбеде құрылған “Жүректен жүрекке” еріктілер тобының топ жетекшісі.

    18/1/2018

    “Аналар үйін” паналаған ақтөбелік келіншектердің жартысы күйеуге шыққан

    “Аналар үйінің” үйлестірушісі Таңсұлу Лакова 3 жылдан бері барар жері, басар тауы жоқ көптеген қыз-келіншектердің екінші “анасына” айналған. Жоба іске асқалы бері Ақтөбеде 113 келіншек “Аналар үйін” паналап, олардың кейбіреуі өздерінің сүйгендеріне қосылып, кейбіреуі көңілін білдірген азаматтың етегінен ұстаған. Қалғаны балаларын балабақшаға орналастырып, жұмысқа тұрып, жап-жақсы еңбек етіп жүрген көрінеді. Қашан көрсең, дамыл таппай шапқылап жүретін Таңсұлу ханыммен көптен бері әңгімелескіміз кеп жүретін. Хабарластық. Келіскен уақытта Тұрғынүйқалашығы ауданында орналасқан коттеджге бардық. Үйдің айналасы тап-тұйнақтай, көрер көзге жылы ұшырасты. Іші де жып-жылы. Ауызғы бөлмеде ас үй орналасқан. Әйелдер әрлі-берлі шаруаларымен жүр. Тамақтың иісі, балалардың күлкісі кәдімгі өз үйіңде

    28/12/2017

    Ақтөбелік қария өзінде жоқ көлік үшін салық төлеп отыр

    Ақтөбелік зейнеткер Әміржан Қарасаев өзі өмірі көрмеген көлік үшін үкіметке салық төлеп отырғанын айтады. Сыртынан біреулер көлікті зейнеткердің атынан тіркеп, кейін сатып жіберген. Қазір қария аз зейнетақысының жартысын сол көлікті “пайдаланғаны” үшін салық ретінде үкіметке төлеп отыр. Әділдік іздеп бірнеше рет сотқа да жүгінгенін айтады. Бірақ, шешім өзгеріссіз қалыпты.

    28/12/2017

    Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”

    Ол өнерлі отбасында дүниеге келіп, 3 жасынан бастап қолына микрофон ұстады. Ол өнерлі адамның басына үйірілетін қара бұлттан қашып құтыла алмады. Дегенмен, морт сынған жоқ. “Сахнаға шығып, өзімді қайта таптым” дейді. Маңдайына жазылған тағдырына еш өкінген емес. Өзінің айтуынша, жүрегі тек “ән” деп соғып тұр. Ол – Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова.

    28/12/2017

    “Енемді сағынып жүрмін”

    Ауызекі тілде бұны дағдарыс кезеңі деп айтады. Сіз бұл туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Неліктен кейбір отбасындағы ерлі-зайыптылар өмір бойы жанжалдасып өтеді, ал басқаларын қашан көрсең де, көз тоймайтын жұп болып, қол ұстасып жүргені...

    21/12/2017

    Жеткербай Қайдасов: “Жылда оқулық өзгерту дұрыс емес”

    Ол - бала кезінен есеп-қисапқа құмартып өсті. Қарапайым жылқышының баласы. Ауыл мектебінің математика бағдарламасын қорашсынып, өз бетінше ғылыми кітап-журналдар оқып, білімін тереңдетеді. Ол алдына мақсат қоя білді. Қызмет пен отбасын қатар алып жүріп, Ресейде білімін жалғастырып, жаңалық ашты. Ол – 2005 жылдан бері шығып келе жатқан геометрия, ең алғашқы электронды оқулықтарының (геометрия) авторы. Геометрияны компьютерлік графикамен ұштастырып жүрген ғалымның әлі де халыққа берері көп. Ол – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жеткербай Қайдасов.

    14/12/2017

    Аман Құлбаев: “Клоун болғым келді”

    Ол әуелде клоун болғысы келді. Сол арманы жас жігітті Жамбылдан Алматыға жетелеп әкелді. Ол жарты ғасырға жуық ғұмырын театрға арнаған ұстаз, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының негізін қалаушылардың бірі. Ол – Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы университетінің “Театр өнері” факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев.

    7/12/2017

    Айжан Табаракқызы: «Қуанып жүріп, өлең жазатын ақынды көрмеппін»

    Ол – ақындықты мұрат тұтпайды, ол үшін өлең – бір сәттік көңіл-күйдің көрінісі. Оның мінезі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі ер-жігітке тән, бірақ жырлары – нәзік, шынайы, мөлдір лирика. Ол кейде жалғыздықты аңсап, күз боп мұңаяды, кейде дауылдатып, құйындатып өтеді. Ол -Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, республикалық жас ақындар жыр мүшәйраларының лауреаты, «Әдебиет» порталының редакторы, ақын Айжан Табарак.

    7/12/2017

    «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»

    «Еркек – бас, әйел – мойын дейміз, Бас бұрылғысы келгенде, мойын сіресіп қалса қайтеміз?!» депті ғой дүлей ақын Қадыр Мырза Әли. Бірақ «Жар-жардың» кезекті кейіпкерлері «бас» бола тұра қатайып, «мойын» бола тұра сіресіп көрмепті.

    30/11/2017

    Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”

    Ол Ойылының ыстық құмын Алматының асфальтына айырбастамаған қаламгер. Ол бір көргенде жаны нәзік, көп сөйлемейтін, сабырлы көрінгенмен, азаматтық лирикасы жанып тұрған от дерсің. Ол - Ақтөбенің “Нұрағасы”, бүгінде ел ағасы. Ол – айтыстың ардагері, ұстаз, журналист. Ол – ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, айтыскер, ақын Нұрлыбек Қалауов.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге