Ақтөбелік әскери қызметкер қариялар мен балаларды өрттен құтқарды
Тұрғындар қалашығы ауданындағы Махамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққан. Үш бөлмелі пәтердің төргі бөлмесінен тұтанған өрт пәтерді түгел жалмады. Пәтерде 74 жастағы Александр Васелькевич пен әйелі болған. Кенеттен шыққан өрт кезінде қарияларға көшеде кетіп бара жатқан әскери қызметкер көмектесіпті.
Ақтөбелік студенттер жатақханаға мұқтаж
Жоғары оқу орындарына бөлінетін 20 мың қосымша грант үміткерлерге қандай мүмкіндік береді? Мамандар мемлекеттік грант - әлеуметтік жағдайдың жақсаруына септігін тигізетін тегін оқуға мүмкіндік дейді. Бірақ бұған сенімсіздік танытып отырғандар да бар.
Былтырғы су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды
Ақтөбеге Мәжіліс Парламенті төрағасының орынбасары Владимир Божко жұмыс сапарымен келді. Ол былтыр су тасқынынан зардап шеккендердің жаңа қоныстарын аралап көрді.
Биыл 8 мың ақтөбелік “Нұрлы жер” бойынша баспаналы болады
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 мың Ақтөбелік отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл барлық киіз үйлердің есігі ашық болады
Биыл Наурыз мерекесі ақтөбеліктер үшін ерекше өтпек. Орталық көшелдерде құрылған киіз үйлердің барлығының есігі ашық болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева мәлімдеді.
Биыл ақтөбеліктер Наурызды бір ай тойлайды
Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер биыл бір ай бойы тойлайтын болады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, Наурыз мерекесін қарсы алатын Ақтөбе халқына бір ай бойы түрлі салт-дәстүрлер мен этно-көрмелер ұсынылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева мәлімдеді.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
2 наурызда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбеде 13 жаңа мектеп пен 38 балабақша пайдалануға беріледі
Президенттің үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе облысында 26 мектеп салынып жатыр. Оның биыл 13-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.
Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....
Баян Сәрсембина