Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды

    Ақтөбедегі Батыс Қазақстан медициналық университетінің тағы бір студенті қайтыс болды. Жедел жәрдем жеткенше жүрегі тоқтап қалған студент 24 жаста болған.

    Студенттің хал үстінде жатқаны туралы хабар жедел жәрдемге 2 қараша күні таңғы 9-дар шамасында түскен.
    –Біздің бригада жеткенше студент қайтыс болып кеткен екен. Кенеттен болған өлімнің себебі белгісіз- деп хабарлайды жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева.
    “Керек.info” тілшісіне марқұмның жасы 24-те болғаны ғана белгілі. Студент достарымен бірге Әлия Молдағұлова даңғылындағы үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрған.

    Бұл Батыс Қазақстан медициналық университетінде соңғы бір аптада болған екінші кісі өлімі. Осы оқиғадан екі тәулік бұрын яғни, 30 қазан күні аталмыш оқу орнының жатақханасында 20 жастағы студент қайтыс болған еді.

    Батыс Қазақстан медициналық университетінің аты-жөнін атауды жөн көрмеген студенті биылдыққа осында оқып жүрген төрт адамның қайтыс боп кеткенін айтады. “Болашақ дәрігерлердің жүктемесі ауыр. Оқу ақысы да өте қымбат” дейді ол.
    Университет әзірше ешқандай ақпарат бермей отыр. Студенттердің айтуынша, ЖОО басшылары марқұм боп кеткен студентер туралы қандай да бір ақпарат таратуға қатаң тиым салынған көрінеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Медицина университетінің студентіне қатысты сот басталды
  • Екі жастағы сәби 6 қабаттан құлап кетті

  • Емтиханнан сүрінген студент өз-өзіне қол жұмсады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге