ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 4000 АДАМ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТТІ

    Ақтөбеде тұңғыш Президент күніне орай “Менің елім! Менің Президентім!” атты театрландырылған қойылым көрсетілді. 4000 адам қатысқан көріністе мемлекеттің даму жолында болған маңызды оқиғалар желісі баяндалды.

    ҚР Тұңғыш Презиент күніне орай Ақтөбеде 4000-ға жуық адамның қатысуымен “Менің елім! Менің Президентім!” атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Ақтөбелік ардагерлер, еңбек ұжымдары, этно-мәдени бірлестіктер және қала жастарының қатысуымен ұйымдастырылған ауқымды шара 5 бөлімнен тұрды. Қойылымның әр бөлімінде Ақтөбе өңірінде болған атаулы күндерге арналған композициялар мен мемлекеттің даму жолындағы маңызды шаралар көрсетілді.
    -24 жыл ішінде еліміздің әрбір қол жеткізген жетістігі мен табысы ел Президентінің есімімен тікелей байланысты. Бұл күн ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақстандықтардың ұлт Көшбасшысына шынайы ризашылығын білдіріп, Елбасы таңдап берген өзіміздің дербес «Қазақстандық жолымызға» көз жүгіртетін, ой қорытатын сәт. Ең бастысы, Президенттің дана, бейбіт саясатының арқасында біздің елімізде тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып отыр,- деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарының алдында сөйлеген сөзінде.

    Мерекелік шараның екінші бөлімінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары мен музыкалық колледж студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қаһарман ұрпаққа мың тағзым» хореографиялық композициясын ұсынса, 120 адамнан құралған хор ұжымы соғыс әндерінен попурри орындады.

    “Наставник” хорының жетекшісі Сәния Айтжанова егде тартқан жасына қарамастан, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген адам:
    -Хабарландыруларды үзбей қарап жүріп, өзім іздеп
    тауып алдым осы ұжымды. Қазір біздің хорда 40 адам бар. Бізге ақы төленбейді. Өзіміздің рухани жан-дүниеміздің қалауымен ән саламыз.
    «Достығы жарасқан – өркениетті Қазақстан» атты үшінші бөлім Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Кішкентай өнерпаздардың орындауындағы «Бала – өмір шаттығы» композициясы осы бөлімнің басты негізі болып табылады.
    Біздің ұлы ата-бабаларымыздың Ұлы рухы барлық ұрпаққа ғибадат. «Абыройлы тарих – Ұлы болашаққа жетелейді» бөлімінде қазақтың айбынды хандары мен даңқты батырларының ұрпағына қалдырған аманаттары баяндалады.

    Театрландырылған көріністегі ұлттық элементтерді көрсететін флешмобқа Ақтөбенің студенттері қатысты.
    -Ортаға шаңырақ алып шығамыз. Осы флешмобқа бір апта дайындалдық. Тұңғыш Президент күніне орай осылайша өзіміздің қуанышымызды білдіргіміз келді,-дейді Ақтөбе көлік коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжінің студенті Данияр Жайсаңов.

    Бағдарламаның соңында Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан үзінді көрсетіліп, соңында флешмоб пен патриоттық ән және жастар лозунгтерімен аяқталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті
  • ҰЛТ ТАРИХЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге