ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық халық шығармашылығы үйі “Еңбек пен өнер егіз” атты дәстүрлі қолөнер байқауын өткізді. Байқауға облыстың алты ауданынан және қаладан жиырма шебер қатысты.

    Облыс шеберлерінің талантын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Еңбек пен өнер егіз” атты көрме паш етті. Көрмеге Кеңкияқ кентінен келген шебер Мүслима Дүйсебаева киіз басып, кілем тоқитын өңірдегі санаулы шебердің бірі. Кілем тоқуды 80 жылдары бастаған.

    - Жем бойының қызымын. 1975 жылы Аралға келін боп түстім. Кілем тоқуды келін боп түскен кезімде үйрендім. Әлі де үйден кілем тоқып, киіз басамын. Қыз жасауын жасаймын. Бір мезгіл бос отыратын уақытым жоқ. Қолөнерді кейінгі жастарға тастап кеткім келеді. Олар көріп өссе, көздері үйреніп , қолдары да епті бола ма деген ниетпен, қартайсам да кілем тоқып, киіз басуды тастамай келемін,- дейді қарт шебер.

    Қойдың күзем жүнінен текемет басып, ою-өрнектерін табиғи қынамен бояп жүрген Мүслима Дүйсебаева Кеңкияқтан жеке шеберхана ашпақ болған екен. Бірақ жасы 80-нен асып кеткен шебердің несие алсам деген ойын құзырлы органдар қолдамай қойған.
    Қолөнер көрмесіне ұлттық нақыштағы үй әшекейлерін әкелген Қобда ауданының шебері Динара Бөлебаева “халық арасында ұлттық тұмарға сұраныс көп” дейді.
    - Қазір ел арасында тұмарға сұраныс көп. Халық әсіресе, жас-тар жағы үйлерінің бір бөлмесінде ұлттық элементтің тұрғанын қалайды. Сол себептен мынадай тұмарларға жиі тапсырыс береді. Басқұрларды терезе жапқышқа сән ретінде сатып алады,- дейді жас шебер.
    Динара Бөлебаеваның айтуынша ұлттық сувенирлерге сұраныс жоғары. Әсіресе, жазда түрлі тойларға кәдесый ретінде ұлттық нақыштағы қуыршақтарды тарату үрдіске айналып барады -дейді ол.
    Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы үйінің баспасөз хатшысы Гүлнара Сейталина “қолөнер қашанда жоғары бағаланады” деп есептейді.
    -Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптер қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.

    Бет қатталып жатқанда:
    “Еңбек пен өнер егіз” атты қолөнер шеберлерінің байқауы өз мәресіне жетті. Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орын (50 мың теңге) №14 орта мектептің мұғалімі Гүлден Аязбаеваға бұйырды. ІІ орынды (30 мың теңге) Ираннан келген оралман Дина Шадкам мен С.Бәйішев атындағы университеттің студенті Замира Өтеген иеленді. Жүлделі ІІІ орынды (20 мың теңге) үш адам қанжығасына байлады. Ол орындарды Назым Жаулина, Гаухар Мурзалина және Ақмарал Таңатарова атты жас шеберлер тең бөліп алды.

    Сонымен қатар, арнайы сыйлықтар байқауға қатысқан ең егде шеберлерге бұйырды. Қарғалы ауданынан келген тігінші Күнсұлу Бөкенбай мен Кеңкияқтан келген Мүслима Дүйсебаеваға арнайы номинация бойынша, 7 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді. Шеберлердің ұсынған жұмыстарын “Алақай” қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина, облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкері Іңкәр Әлібекова, Мәдени мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ләйла Омарова бағалады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Батагөй қарттар назарына!
  • Хан рухына тағзым
  • ЖАС ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге