Украина телекомпаниясы Назарбаевтың фотосын бұрмалап бергендері үшін кешірім сұрады

    Украиналықтар өз телехикаясында Назарбаевтың фотосын пайдаланғандары үшін кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.
    Телехикаяның бас продюсері Ирина Заря NUR.KZ тілшісімен сөйлесу барысында фотоны пайдаланғандарын растады.«Шынымен, біздің «Одинокие сердца» телехикаясын түсіруде қателік кетті», — деді Заря.
    Оның айтуынша, бұл жағдай 2012 жылы болған. Реквизиттерді тасып жүргенде, олардың жартысы жоғалып кетіп, түсіру алаңында жедел түрде жаңасын жасап шығуға тура келген. Реквизитор асығыс интернетте қолына түскен алғашқы фотоны пайдалана салыпты.
    «Мен өз қызметкерлерім үшін қатты ұялып отырмын, және осындай олқылық кеткеніне өкінудемін. Біздің өкінішіміз қателікті түзетпейтінін де түсініп отырмын. Бұл келеңсіздік біздің ұжым үшін үлкен сабақ болды. Мен Қазақстан президентінен, оның отбасынан және барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын», — деді Ирина Заря.
    Естеріңізге сала кетейік, Ресейде түсірілген «Одинокие сердца» фильмінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суреті пайдаланылды. Алайда фильмді түсірушілер аталған суретті өзгертіп, аула сыпырушы тәжік азаматының отбасы ретінде көрсеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сот төрағасы журналистерден кешірім сұрады
  • Кәсіпкер Ресейдің кеден комитетін сотқа бермекші
  • Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге