Ақтөбеде есірткіге мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Сонымен қатар, оның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com 

Патрульдік полиция қызметкерлері Ә.Молдағұлова даңғылында жол ережесін бұзған “ВАЗ- 2112”автокөлігін тоқтатады. 49 жастағы жүргізушінің өзін-өзі ұстауы полицияның күдігін туғызады. Жүргізілген сараптама оның каннабиоидтарды қолданудан туындаған  есіртікіге мас күйінде болғандығын көрсетеді. 49 жастағы ақтөбелік уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал, автокөлігі полиция бөлімінің аумағындағы тұраққа қойылған. ПД баспасөз қызметі берген дерекке сәйкес, жүргізуші бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі “КО-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы” бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Құқық
13:30, 16 сентябрь 2022
835
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив