“Нұр Отан” Сара Нұрқатоваға қызметінен кетуді ұсынды

    сурет ortcom.kz сайтынан алынды

    "Нұр Отан" партиясына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға оның жақын туыстарының жетекші қызметтерде жұмыс істейтіні үшін жұмыстан кетуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
    Кеңес мүшесі Нұрлан Ерімбетов партияның Ақтөбе облыстық филиалының басшысының орынбасары Нұрхан Ақниязовқа облыс әкімі орынбасарының туыстарының өңірде неліктен басқарушы қызметтерде екендігін сұрады.

    "Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрқатова Сара, бар ма? Ол білім беру және әлеуметтік мәселелермен айналысады. Неліктен оның туған баласы облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбасары? Бұған дейін ол жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы қызметінде болыпты. Ал ол жерден кеткенде осы орынға оның қалыңдығы келіпті. Сіздерде облыс әкімінің стипендиясын дарынды балаларға, дарынды жастарға, мүгедектерге үлестіру жөніндегі облыстық жақсы комиссия жұмыс істейді. Нұрқатова қызметі бойынша осы комиссияның төрағасы, ал комиссияның хатшысы оның баласы. Қандай отбасылық бизнес сіздерде? Моральдық тұрғыда, партия тұрғысындағы мәселе қайда қалды? Сіздер бұған партиялық баға бердіңіздер ме? Мен заңгер емеспін, бірақ ар-намыс кодексі деген бар, партияның абыройы деген нәрсе бар!", - деп сауал тастады Ерімбетов.
    Бұған Нұрқат Ақниязов былай деп жауап қатты: "Бұл таңғаларлық мәлімет. Бірақ облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметіне Чаркинді тағайындау туралы дерек бар. Бұл бір ай бұрын болды. Сәйкесінше, бұл дерек бойынша партиялық бағалау болған жоқ (тексеріс - Авт.), себебі Мемлекеттік қызмет агенттігінде конкурс болды. Ал партиялық бағасын біз береміз", - деді Ақниязов.

    "Ал оның әйелі ше? Бұл мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзу ғой!", - деп сұрақ жаудыра бастады Мәжілістің қоғамдық кеңес құрамына кіретін депутаттары.
    Ақниязов егер мемлекеттік қызмет туралы заң бұзылса, бұл іспен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айналысуы керек екенін айтып, жауап қатты.
    "Партиялық тергеу жүргізуді ұсынамын. Ал сол әйелдің, облыс әкімінің орынбасарының орнында болсам отставкаға кетер едім", - деп білдірді өз пікірін қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тәртіптік кеңесті тыңдамаған әкім
  • Әкім аппаратына жаңа басшы тағайындалды
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге