Жаңа жылдан бастап жалақы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы 30 пайызға өседі - Назарбаев

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялап жатыр.

    "Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз бола алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сонымен қатар, Елбасы халқымыздың бүгінгідей ешқашан бақуатты тұрмыс көрмегенін атап өтті. "Біз Тәуелсіздік алғаннан бері 1300 денсаулық сақтау орны, 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды, емдеулерді өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеткіздік. Бұл ешқашан болған емес. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі нәтижесінде қазақстандықтардың сәбилерінің көбеюінің нәтижесінде, Қазақстан халқының жыл сайын өсуінің нәтижесінде, денсаулық сақтау мәселесінде тұңғыш рет қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жастан асты. Мұны ең негізгі жетістік деп санауға болады. 10 жылдың ішінде 64 жастан 72 екіге дейін бүкіл халықтың орташа өмірін ұзарту ешбір елдерде кездеспеген шығар. Мемлекет қандай жағдайларда да әлеуметтік міндеттемелерін шашауын шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетті өркендетуге қол жеткіздік", - деді Елбасы.

    Айта кетейік, осыған дейін Ақордадағы кеңейтілген отырыс кезінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жария ететінін, оны әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнайтынын айтқан еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Назарбаев: Қазақстан ДСҰ-ның тең құқылы мүшесі болды
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • Shell басшысы Елбасына қызғалдақтың “Президент Назарбаев”деп аталған жаңа сортын ұсынды
  • Нұрсұлтан Назарбаев ант берді
  • Елбасы жаңа облыстық ауруханаға барды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге