Бота Жұманованы соққыға жыққан жігітке жаза кесілді

    Бота Жұмановаға шабуыл жасаған жігіт үш жылға бас бостандығынан айрылды,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өркен Мырзахан жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

    "Өркен Мырзахан ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлігінің 1 тармағына ("Қылмысқа дайын-далу және қылмыс жасауға оқталу") сәйкес үш жылға бас бостандығынан айрылды, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді",-деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

    Бұған дейін Жұманованың сотталушыға кешірім бермейтіні хабарланған еді. Ол ер адамнан 2,5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алуға ниетті.

    Еске сала кетейік, журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. Кейін соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. "Барлығыңа сәлем! Мен тірімін. Қазір емделіп жатырмын, бірақ басым әлі мазалайды. (...) Мен Майқұдықтанмын, біз мұндайдан жеңіле салмаймыз", - деді журналист. Алматы полициясы шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол Жаркенттің тумасы, айтуынша Ботаның БАҚ-та жұмыс істейтінін жаңалықтардағы видеодан кейін білген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде карта үшін жанжалдасқан нағашысы жиенін өлтірді
  • Астанада бұрынғы әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовке жаза кесілді
  • Ақтөбеде 8 жастағы қызды зорламақ болған жігіт сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Ақтөбеде Түркия азаматтары сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге