Ақтөбеде жол саласының маманы тапшы


Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы мамандары республикалық «2000 мектеп» науқанына ат салысуда. 

Шара барысында өңірдегі білім ошақтарының түлектері және жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жол саласы мамандықтарына адам тарту. Қазіргі күні республика бойынша жолшы мамандығына сұраныс 30 мыңды құрайды. Ал осы мамандық бойынша оқу орнына түсетіндер әлі аз. Ақтөбелік оқушылармен кездескен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының инженері Талғат Бижанов оқушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтып берді. 

«Әр бала мектеп бітірерде арман қуып, таңдаған мамандығы бойынша ертеңгі күні жұмысқа тұруына мүмкіндігі бола ма соны ескере бермейді. Жылдан жылға кейбір мамандықтар жойылып барады. Бұрын адам қолымен істейтін жұмыстарды, қазіргі күні техниканың мойнына жүктедік. Ал жол саласының мамандары ешқашан жұмыссыз қалмайды. Сонау Жібек жолынан алып қарасақ, жол қатынасы кез-келген елдің экономикасының дамуына тікелей байланысты. Қатынасы жоқ елдің тұрмысы да төмен болады. Сондықтан жол саласы мамандар әрдайым сұранысқа ие болады,»-дейді «ҚР құрметті жолшысы» Талғат Бижанов 

Жастарды жол саласына тарту, қызығушылығын арттыру, насихат жұмыстарын жүргізу – бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» тек білім ошақтарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, жол саласына қатысты мамандықты таңдаған студенттерге жан-жақты көмек те көресетеді. Зертханаларында тәжрибеден өткізіп, ол үшін жалақы да төлейді. 

«Қандай мамандық болмасын теория мен практика қатар жүру керек. Оқу орындарында студент алған білімін еңбекпен ұштастырып отырса жақсы маман шығады. Аймағымызда қазір тек Ақтөбе автожол колледжі жол саласының мамандарын әзірлейді. Сондағы студенттер бізден тәжрибеден өтеді. Екі жыл қатарынан Нұрдәулет деген жасты филиалымызда тәжрибеден өткізіп, практика ууақытына айлық та төленді. Ол шыңдалды. Биыл бізге қызметке қабылданып, қатарымызға қосылды. Тағы екі студентті солай тәрбиелеп жатырмыз. Жастарға жол көрсету үлкендердің міндеті,»-дейді Талғат Бижанов. 

Жыл сайын өңірде жол құрылысы қарқын алып келеді. Биыл Ақтөбе облысында 769.9 шақырым автомобиль жолын салу жоспарланған. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар мен көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары бар. Қаржыландыру көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге – 41,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды өңір тарихында болмаған. Жыл қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 78%-ға дейін жетеді деп күтілуде.

Қоғам
12:00, 28 февраль 2023
790
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив