Ырғыздық тұрғын әріптесінің атынан несие алған

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында әріптесінің атынан  несие рәсімдеген тұрғын анықталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 
Еркежан СЕРІК 
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ырғыз аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 100 мың теңге несие алған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру барысында күдіктіні анықтады. Ол әріптесінен қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алған. Банк қосымшасы арқылы несие рәсімдеп жіберген. 
Осы факті ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияның дерегінше, күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады. 

Құқық
15:30, 09 март 2023
684
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив