Лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

    Лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

    Алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаевтың әйелі Байқоңыр қаласынан Алматыға жеткізілді. Полицейлер оны да тергеп жатыр. Аяулым Үмбетқұлованы тәртіп сақшылары бірнеше сағат бойы сұрақтың астына алған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

    Жалдамалы пәтердің мекен-жайын айтқан да осы келіншек екен. Айтуынша, дін жолындағы күйеуінің қандықол қылмыскер екенін білмеген. Тіпті Русланның адам өлтіргенін де телеарнадан көріпті. Сондықтан қара жамылған отбасылардан күйеуі үшін кешірім сұрады.
    Қазір күдіктінің әйелі жеке басының қауіпсіздігі үшін қала сыртында пәтер жалдап тұрып жатыр. Айтуынша, күйеуі екеуі өткен аптада ғана жалдамалы пәтерлерін өткізіп, өзі Байқоңыр қаласына кеткен. Ал Руслан Күлікбаев “шешілмеген шаруам бар” деп қалада қалып қойған екен. Сондықтан күйеуінің полицейлерге оқ атып, лаң салғанын тек телеарнадан "көріп-білдім" дейді Аяулым.
    Аяулым Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтың әйелі:
    -Байқоңыр қаласында болғанда естідім. Жаңалықтан көрдім. Олай болады деп кім ойлаған? Үйдегілер жылап, анасы талып, қиналдық бәріміз. Қанша дегенмен жолдасым ғой. Мен одан мұндайды күтпеген едім.
    Лаңкеспен 6 жыл бір шаңырақ астында тұрған Аяулым күйеуінің бұрын-соңды мұндай қатыгездігін "байқамадым" дейді. Жолдасының кімдермен араласқанын да айта алмай отыр. Өйткені, Руслан әйелін ешқашан той-томалаққа апарып, туыстарымен қатынастырмаған. Есесіне, ылғи хиджап киіп, намазға жығылуды үгіттепті.
    Аяулымның айтуынша, Русланның 2-3 күндеп үйге қонбай кететін әдеті бар екен. Бірақ қайда баратынын "жасырып айтпайтын" дейді. Ал соңғы уақытта жүрісі суыт, мінез-құлқы өзгере бастаған.
    Алты бірдей жазықсыз жанды атып өлтірген күйеуі үшін Аяулым кешірім сұрап отыр.
    Екі күннен бері көз жасы құрғамаған келіншек "ендігі көрмегенім Руслан болсын" деп отыр. Себебі, балаларының болашағына балта шапқан лаңкеспен ажырасуға бел буған.
    Сары уайымға салынып, ішкені - ірің, жегені - желім болған келіншекті полицейлер жеті сағат бойы тергеген. Аяулым тәртіп сақшыларына бар білгенін жасырмай жайып салыпты. Осы сұрақ-жауаптан кейін лаңкестің соңғы тұрған мекен-жайы анықталып, бүгін таңертең көк базар маңында арнайы операция жүргізілген болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тағы 5 лаңкестің көзі жойылды
  • ҚМДБ: Ері нәпақа тауып бере алмаған жағдайда әйелі талақ айта алады
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
  • Полиция қызметкерлері сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге