Ақтөбеде жол апатынан ресейлік азамат қайтыс болды

Екі шетелдік азаматтың көлігі соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ПД хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Оқиға 26 тамыз күні түскі сағат 2-лер шамасында болған. Қызылорда облысының маңында MAN-TGX жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шыққан. Сөйтіп 51 жастағы Ресей азаматының Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан ресейлік азамат қайтыс болды. Ал көліктегі кәмелетке толмаған жолаушы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Жүк көлігін 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы тізгіндеген. Болжам бойынша, ол жүк көлігін шаршаңқы күйде жүргізген. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Құқық
14:00, 28 август 2023
496
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив