Ақтөбеге жаңа автобустар келді

 «Qala Trans» ЖШС 51А бағытындағы 2 автобустың орнына 12 автобус, ал көптен бері автобус жетіспеушілігінен мәселесі шешілмей жүрген 9-шы маршрутқа 7 автобус жіберді. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Алдағы екі аптада елді мекендерге қатынайтын автобустар саны көбеймек. Бекқұл баба, Шилісай, Рауан, Ақшат, Өрлеу, т.б елді мекендеріне қатынайтын автобустың саны арттыру мәселесі қаралады. Жалпы бір жылдың ішінде тасымалдаушылар 163 автобус сатып алған. Сондай-ақ, «Автопарк» ЖШС жыл соңына дейін қосымша тағы 30 автобус, «Akzhayik Avtopark» ЖШС 10 автобус сатып алады. Осы уақытқа дейін автопарктің 50 пайыз автобусы жаңарған.

Қалада автобустардың сана көбейіп, жұмыс уақыты ұзарып келеді. Мәселен, 51А бағытындағы қоғамдық көлікке жаңа 12 автобус берілді. Ал 9 бағыттағы қоғамдық көлікке жаңа 7 автобуспен толықты.


Әлеумет
15:30, 07 сентябрь 2023
467
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив