Ақтөбеде қарақшыны ұстаған оқушылар марапатталды

 11 сынып оқушылары зейнеткердің ақшасын ұрлаған қарақшыны ұстап, батылдық танытты. Олардың ерлігі ескерусіз қалмады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Естеріңізге салсақ, оқиға 26 тамыз күні Жеңіс даңғылында болған. Белгісіз біреу зейнеткердің төсқалтасынан құжаты мен ақшасын ұрлап кетеді. Оқиға куә болған № 16 мектептің 11 сынып оқушылары дереу 102-ге хабарласып, қарақшыны қуып жетеді. Оны видеоға түсіріп, ұстауға тырысады. Оқушылардың арқасында полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады.

Ақтөбе облысы ПД-ның бастығы Абай Жүсіпов білім күнінде оқушыларды құттықтап, батылдық танытқан 11 сынып оқушыларына алғыс хат табыстады.


Құқық
15:30, 07 сентябрь 2023
411
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив