Зейнетақы қорындағы қаражат қайда жұмсалмақ?

    БЖЗҚ-ның қаражаты құрылыс нысандарына жұмсалатыны жайлы ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

    "2016 жылдың 9 тамыз күні сағат 10.25-те "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі "ҚДБ 15 миллиард теңге көлеміндегі БЖЗҚ (ЕНПФ) қаржыларын ЭКСПО құрылыс нысандарына бағыттайды" деген ақпараттық хабарлама таратқан болатын. Таратылған мәлімет шындықпен жанаспайды. "Интерфакс-Қазақстанға" берілген ресми жауапта "Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 территориясындағы нысандар құрылысын қаржыландыруға" деп анық көрсетілген", - деді департамент өкілдері.

    Сонымен қатар, олардың айтуынша, ЭКСПО аумағы 174 гектарды алып жатыр, оның ішінде ЭКСПО нысандары (павильондық кешен мен кеңселер) небәрі 25 гектарда орналасқан, қалған территорияда мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке қаражаттарына салынып жатқан инвестициялық нысандар орналасқан.
    Сондай-ақ, бұған дейін көптеген БАҚ-тарда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ негізгі функционалын жоғалтпай, жобаны 130 миллиард теңгеге қысқартқандығы туралы хабарланған болатын. Сондықтан жоба зейнетақы қорының қаражаттарына мұқтаж деген хабарлама жалған екен.
    "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі әдейі немесе кәсібилігінің төмендігінен жалған ақпарат таратып отыр. Бұл ретте, мәселенің заңды салдары қарастырылып жатыр. Осыған орай, matritca.kz, thenews.kz, i-news.kz, qazaquni.kz, news.mail.ru, qostanay.tv және де басқа да ақпарат құралдарындағы әріптестерімізге "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің таратқан ақпаратын алып тастауларыңызды сұраймыз", - дейді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің өкілдері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады
  • Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Жаппай төбелес туралы дақпырт таратушы ұсталды
  • Талғат Ермегияев аса ірі көлемде қаражат жымқырған болуы мүмкін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге