Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге

    Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге

    14 мың адам талмай жұмыс жасап жатқан құрылыс алаңы. Шетелдік қонақтарға арналған апартаменттер. Алыстан қарағанда бөтен ғаламшарлықтардың кемесіндей көрінетін ЭКСПО қалашығы. Қазақстан үшін ерекше оқиға болғалы тұрған ЭКСПО-ны “Керек.info” тілшісі өз көзімен көріп қайтты.

    Ел аузында жүрген, әлем алдында Қазақстанның абыройын айғақтайтын ЭКСПО-полистің құрылысы өз мәресіне жетіп келеді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған БАҚ өкілдері жаңа нано технологиямен салынып жатқан әлемдік көрменің құрылысын аралап көрді. “Шөлмек” қала сырттай қараған адамға бөтен ғаламның мүлкіндей көрінеді. Бірақ, бұл ЭКСПО қала 14 мың адамның маңдай тері мен еңбегінің арқасында жүзеге асып жатыр.

    Экспо-полис үшін Астана маңынан 174 гектар жер бөлінген. Бұл жердің 25 гектарында ЭКСПО-ның негізгі нысандары орналасқан. ЭКСПО қалашықтың басқа бөліктерінде инвесторлардың қаржысына түрлі нысандар салынып жатыр. 174 гектар жерге орналасқан ЭКСПО қалашық толығымен қоршалатын болады. Бұл аумаққа тек қана арнайы рұқсат қағазы бар жандар ғана кіре алмақ. ЭКСПО көрмесі өтетін уақыт ішінде тәулік бойы полиция патрулі жұмыс жасайды. Ол үшін тәртіп сақшыларына арналған арнайы екі қабатты ғимарат салынған. “Астана ЭКСПО-2017” көрме кешенінде - Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-ойын-сауық орналасады. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

    ҚҰРЫЛЫС ҮШІН ШЕТЕЛДІК ШИКІЗАТ
    Халықаралық көрменің құрылысы 95 пайыз салынып біткен. 2017 жылдың сәуір
    айында толығымен құрылысы аяқталады деп күтілуде. ЭКСПО өтетін аумақтың айналасына жасыл шыршалар мен емендер егіліп жатыр. ЭКСПО аумағына кірген адам айнала қаптаған әйнектің әсерінен абдырап қалады. Бірақ, құрылысшылар мен архитекторлардың айтуынша, шыны мен шөлмектен салынып жатқан көрме нысандары құрылысқа бекем. Және шығыны да аз.

    - Нысанды тапсыру уақыты 2017 жылдың сәуір айына келеді. Біз нысанның ашылу салтанатын ерекше етіп өткізгіміз келеді,- дейді “Астана ЭКСПО” ұлттық компаниясының контент және іс-шара өткізу департаментінің басшысы Марат Омаров.
    ЭКСПО-қалашықтың басты нысандарының бірі конгресс орталық. Конгрес орталықтың жалпы көлемі 2700 шаршы метр, орын саны 2 мыңнан асады. Барлық маңызды шаралар, жиындар мен салтанатты кештер өткізілетін 3 қабатты нысанның ерекшелігі сол, ғимарат оңай трансформацияға түсе алады.
    - Біздің телескопиялық трибунамыз бар. Телескопиялық трибунаның көмегімен конгресс орталықтың барлық бөлігін өзгертіп, қажетті алаңға айнала алады. Көрме 10 шілдеде ашылады. Көрмеден кейін бұл орталық Конгресс холл ретінде жұмыс жасайтын болады,- дейді ұйымдастырушылар.

    Конгресс орталықтың жанына 239 бөлмеге жабдықталған конгресс қонақүй құрылысы жүріп жатыр.
    ЭКСПО-полистің барлық құрылыс жұмыстары үшін мемлекеттік бюджеттен млрд-таған қаржы бөлінді. Ал ЭКСПО үшін инвесторлардан бөлінген қаржының жалпы сомасы 125,5 млн еуроны құрап отыр. Құрылыстың 50 пайызына ғана қазақстандық шикізаттар қолданылған.

    ЭКСПО-ның бас ғимараты – озық технологияларды пайдалану арқылы сфера түрінде салынатын Қазақстанның Ұлттық павильоны. Оның құрылысына сыртқы температура мен дыбыстан оқшаулайтын екі қабатты жоғары технологиялық берік шынылар қолданылған.
    Сфераның ішінде жоғары технологиялар мұражайымен қатар Қазақстан мемлекетінен, халқының тарихынан сыр шертетін мұражай орналасады. Дөңгелек шар әспеттес сфераның құрылысына 105 млрд теңге жұмсалған.
    Ел аузында “дөңгелек шар” атанып кеткен басты символдың құрылысы сәуір айында аяқталуы тиіс. Алыстан мен мұндалап көрінетін сфера “табиғи жасыл технологиялардың” әлемдік көрсеткішіне айналмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемде аналогы жоқ сфера көрме өткен соң халықтың мұрасы боп қалмақ.

    Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге

    Сфераның жалпы диаметрі 80 метр, аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Шыны шардың құрылысы үшін 137 метрлік темір қаңқа пайдаланылған. Табиғаттың барлық мінезіне төтеп беретін шыныдан жасалған басты шардың ішінде қазақстандық павильон орналасады.
    - Сфераның ерекшелігі сол, құрылысы толықтай нано керамикамен қапталған. Қысқы уақытта жылуды ішке сақтап, ал жазда ғимараттың тым қызып кетуінен қорғайды. Бұл энергия көзін үнемдеуге қолайлы. Қазір инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Сфераның төбесінде екі жел диірмені болады. Олардан келетін энергия 47 киловатты құрайды. Жел диірмендерінің астында күннің панелі орналасады. Яғни күн сәулесінен энергия алу көзделген. Жалпы энергияның 60 пайызы табиғи ресурстардан алынады. Олар күн, жел және жер жылуы. Жердің жылуы энергияға айналып, барлық ғимарат жылынады,- дейді “ЭКСПО 2017” құрылыс дирекциясының бас директоры орынбасары Қадыржан Төребаев.
    Басты нысандағы әр панель бір – бірінен өзгеше. Бірінші қабатта қонақтар үшін тақырыптық мар-шруттар ұйымдастырылады. Шетелден келгендер біздің елдің тарихымен, салт-дәстүрімен және асханасымен таныса алады. Лифтімен жоғары көтерілген әр адам үшін ЭКСПО қалашығы алақандағыдай көрінеді. Бұл нысан 2017 жылдың сәуір айында тапсырылмақ. Көрме біткен соң шыны шар “болашақ мұражайына” айналады,-дейді ұйымдастырушылар.

    Шетелдік қонақтар үшін су жаңа пәтерлер
    ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы, 2 миллионнан артық адам келеді, олардың әрқайсысы көрмені шамамен 2 рет көрмек. Осылайша, жалпы келушілердің саны 5 миллионды құрады. Жалпы келушілер санының 85%-ы қазақстандықтар, ал 15%-ы – шетелдік мемлекеттердің азаматтары, олардың көпшілігі ТМД және Қытай мемлекеттерінен келеді. Сондай-ақ, Еуропадан, Түркия мен АҚШ-тан туристер келеді деп күтілуде.

    ЭКСПО пәтерлері шетелдіктердің иелігінде
    ЭКСПО – полиске келетін шетелдік қонақтар үшін арнайы тұрғын-үй қалашығы салынып жатыр. Барлығы 1374 пәтерді құрайтын 42 үй алты блоктан тұрады. Қазір 55 пәтер толығымен дайын. Қаңтар айының соңына дейін қалған 750 пәтер дайын болады. Шетелдік қонақтардың жағдайы үшін жасалған пәтерлер жиһазбен, барлық техникамен толықтай жабдықталған. Тіпті қонақтардың күнделікті киетін халаты мен бет орамалдарына дейін сақадай сай тұр. Мұндай пәтерлер “GOLD” және “SILVER” болып екі классқа бөлінеді. Голд санатындағы пәтерлер аптасына үш рет жиналса, сильверліктерді аптасына бір-ақ рет арнайы үй күтушісі тазалап кететін болады. Таңғы ас пен консьерж қызметі қоса беріледі. Мұндай жайлы пәтерлер үшін шетелдік қонақтар 570 мың мен 1 500 000 теңгеге дейін айлық жарна төлейді. ЭКСПО қалашығындағы тұрғын үйлер күн жүйесіне орай салынған, яғни энергия көзін мейлінше аз жұмсау көзделген. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай пәтерлерге ай сайынғы коммуналдық төлемдер де аз болуы тиіс. Өйткені энергия көзін тікелей күн сәулесінен алады. Қазір мұндай пәтерлерді алдын ала брондау үшін шетелдік қонақтардан көптеген ұсыныстар түсіп жатыр екен.

    - ЭКСПО-ға қатысушы шетелдіктер қазір пәтерлерді брондап қойып жатыр. Күні кеше ғана Жапониядан делегация келіп, бір топ пәтерлерді қарап, жарнасын төлеп кетті. Франциядан комиссар келеді отбасымен. Шетелдік қонақтар желтоқсан айынан бастап қоныс тойларын тойлайды,- дейді қызмет көрсету департаментінің директоры Диас Әзбергенов.

    Бұл пәтерлердің барлығы “Бәйтерек” сериясы бойынша салынған. ЭКСПО өткеннен кейін пәтерлер астаналықтарға сатылады. Осылайша тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған 40 миллион теңгені мемлекет қазынасына қайтарып алмақ. Мұндай пәтерлердің шаршы метрі қанша болатыны әзір белгісіз. Ал пәтерлердегі жиһаздар аукцион арқылы сатылатын болады.

    ЭКСПО-ға қатысатын шетелдіктердің көбісі отбасымен келмек. Сол себепті тұрғын үй аулаларында балаларға арналған ойын алаңдары мен автокөлік тұрағы да бар.

    ҚЫТАЙ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ПАВИЛЬОН БЕРІЛГЕН
    Қазақстан тарихында атышулы оқиға болғалы тұрған ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса мемлекет қатысады деп күтілуде. Қазір көрмеге қатысатын мемлекеттердің ішінде бес елдің көрмесі өтетін орын дайын. Олар Қытай, АҚШ, Үндістан, Катар және Малайзия. Әзірге бос тұрған кең ғимараттардың биіктігі 8 метр, ал аумағы 350 шаршы метрден 1000 шаршы метрге дейін. Ең үлкен павильон Қытай мен АҚШ-қа тиесілі. Қазіргі уақытта Мемлекет Президентінің атынан 139 мемлекетке және 12 халықаралық ұйымға ресми шақыру қағазы жолданды. Нәтижесінде, бүгінгі күні 106 мемлекет (Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Израиль, Франция, Үндістан, Вьетнам, Армения, Пәкістан, Әзербайджан, Ангола, Беларусь, Сенегал, Грузия, Куба, Түркменстан, Сент-Китс және Невис, Либерия, Тәжікстан, ҚХДР, Румыния, Монако) және 17 халықаралық ұйым (ЭСКАТО, ОЭСР, ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, Дүниежүзілік банкі, ПРООН, ШЫҰ және тағы басқалар) өздерінің көрмеге қатысатындарын ресми түрде мәлімдеді.
    - Әр елдің көрмесіне арналған павильондар әр түрлі. Сұраған аумағына байланысты. Әр мемлекет өз мүмкіндігіне орай павильон сұрайды. Халықаралық павильондар түгелімен дайын, қазір өз мемлекеттеріне тапсыруға дайындалып жатырмыз. Әзірге Түркия, Франция, Венгрия, Германия және Қытай өз павильондарын қабылдап алды. Шетелдік мемлекеттерге павильондар қатты ұнап жатыр. Қазір бізде барлығы 14 ғимарат бар, олар ірі 4 блокқа бөлінген. Әр ғимаратта 3 -5 мемлекеттік павильоны орналасқан, - дейді халықаралық қатысушылармен қатынас жұмыстары бойынша басқарма директорының орынбасары Бәпен Ескенұлы.

    ЭКСПО-ға қатысатын мемлекеттер өздерінің ұлттық тағамдары мен киімдерін де ұсынуға, ұлттық кәдесыйларын сатуға ниет білдірген. Шетелдік қонақтардың арнайы павильондарынан өзге, “Энергия әлемі”, “Барлығына арналған энергия”, “Өмірлік энергия”, “Менің болашағымның энергиясы” атты тематикалық павильондар да жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, демеушілер мен көрме серіктестерінің коммерциялық павильондары да қызмет көрсетеді деп күтілуде.

    Шетелдіктерге бәрі қызық
    ЭКСПО-ға келетін шетелдік қонақтарға Қазақстанның тарихи-туристік жерлеріне 73 маршрут ұсынылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мүмкіндік ішкі туризмді дамытуға сүбелі үлес қоспақ. Әрі Қазақстанның табиғаты шетелдіктер үшін өте қызық деп атап өтті ұйымдастырушылар.

    ЭКСПО-ға ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛДЫ?
    ЭКСПО көрмесі 10 маусымда басталып 10 қыркүйекке дейін созылмақ. 106 мемлекет көрмеге қатысатынын ресми түрде хабарлап үлгерген. ЭКСПО өткізу үшін тағайындалған бұрынғы басшылық ақша жеп істі болса да, қаржы мәселелері мен құрылыс нысандарына қанша теңге жұмсалғаны туралы ұйымдастырушылар ләм демеді. Жалпы, аймақтық тілшілерді жинап, ЭКСПО басшылығымен өткізген пресс-конференция қандай да бір нақты сұрақтарға жауап берген жоқ. Ойымызда көптеген жауапсыз сұрақтар қалып қойды.
    - ЭКСПО-ның негізгі тақырыбы “Болашақ энергиясы”. Қазақстан энергияның жаңа көздеріне байланысты заманауи барлық құрылғыларды әлем назарына ұсынады. Әуежай кеңітіліп, жаңа темір жол вокзалы салынып жатыр. Бұл келушілер санын 3 есеге көбейтеді деген сөз,- дейді “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Әлішер Пірметов.

    Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге

    ЭКСПО билетінің құны – біреудің айлық жалақысы
    Жыл басынан бері ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін онлайн билеттер сатылуға шықты. Билет сатып алу үшін қазір 600 мың келісімшарт жасалған. Келуші қонақтар үшін билет құнына туристік маршрут та енеді. 35 мың мен 125 мың теңге аралығындағы билет бағасына Қазақстан бо-йынша үш күндік туристік тур кіреді. Мысалы, тарихи жерлерге, шатқалдар мен Байқоңыр ғарыш айлағына туристік саяхат жасауға болады. Ұйымдастырушылар осы аралықта 500 мыңға жуық шетелдік турист күтетіндерін айтты. Жергілікті тұрғындар билетті 4 мың мен 8 мың теңге арасында сатып алады. ЭКСПО өтетін 93 күннің ішінде 3 мыңға жуық шара өтеді деп күтілуде.
    - Көрмені дайындау барысында 320 отандық кәсіпкерлермен 47 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. ЭКСПО өткен соң барлық нысандар, ғимараттар ұлт мұрасы ретінде Астанада қалады. Әрине, бұл олар бос тұрады деген сөз емес. Нысандар үшін қосымша қаржы бөлінген. Халықаралық павильондардың жартысы халықаралық қаржы орталығына жалға беріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зейнетақы қорындағы қаражат қайда жұмсалмақ?
  • Қаламызда жаңа ғимараттар пайда болады
  • Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Талғат Ермегияев аса ірі көлемде қаражат жымқырған болуы мүмкін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге