Белгілі тележүргізуші анасын мешіт имамының қорқытып жүргенін мәлімдеді

    Белгілі тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев анасын Атырау облысындағы ауылдағы имам құдаймен қорқытты деп мәлімдеді. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz

    Оның айтуынша, Ганюшкин селосындағы "Темірəлі" мешітінің діни қызметкері оның анасын құдаймен қорқытып, дөрекі хабарламалар жазған. "Имам неге имансыз!? Бірден айтайын, бұл сөз Ганюшкин селосындағы "Темірəлі" мешітінің діни қызметкеріне қатысты айтылып отыр. Қысқасы... Нағашы əжеміздің жылдық асын өткізген анам қаумалаған тума-туыстардың бабын табам деп жүріп, Құран оқуға келген имамды естен шығарып алса керек! Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы жазыпты! Имамның аты-жөні - Сəрсенбай Бикенов", - деп жазды Мейрамбек Таубалдиев.
    "Имамдар қашаннан бері құдайдың атынан сөйлейтін болған?! "Ислам - бейбітшілік, мұсылман - көркем мінезді жан, ҚМДБ Əбу-Ханипа мазхабының мамандарын осылай тəрбиелейтін болған ба!? Ислам дініне махаббатты өсіре алмай жүргенде, сезімді суытып, өшіруге имам да атсалысатын болған ба!? Əрине, ақша керек, еңбек өтемі болуы тиіс! Бірақ қайғылы қазаға қабырғасы қайысып, қара жамылған отбасыға агрессиялық "демеу" көрсеткен Сəрсенбай имамға "срочно" мамандық ауыс-тыру керек! Құрметті ҚМДБ қызметкерлері! Біле жүріңіз! "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді". Айтпақшы, сол күні анам еңбекақысын жеткізіпті. Қарыз емеспіз! Кім білген, Алла жазамызды беріп жүрер?!" - деп шамданды жазба авторы.
    Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы бұл жағдайдың тексерілетінін атап өтті. "Біз анықтап алайық. Біз бірінші облыс имамымен байланысқа шығамыз. Бұл оқиғаның қаншалықты рас екенін анықтаймыз. Дәлелдері бар ма, жоқ па әлде бұл мүмкін жала ма, оны анықтаймыз", - деді ҚМДБ ресми өкілі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • Ақтөбенің бас имамы қызметінен кетті
  • Бақытбек Тәжімбет Қостанайға ауысты
  • ҚМДБ: Ері нәпақа тауып бере алмаған жағдайда әйелі талақ айта алады
  • Қыз-келіншектердің діни сауат ашу орталығы ашылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге