ҰБТ: Аттестатқа тестілеудің ғана бағасы қойылмайтын болды

    Қазақстанда мектеп түлектерінің біліміне қорытынды баға беру жүйесі қайта қаралады. Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

    Порталдың мәліметінше, биылдан бастап ҰБТ қорытындысы бойынша баға беру жүйесі түбегейлі өзгереді. Енді аттестатқа тестілеуден алынған балл емес жыл бойғы баға мен ҰБТ балының арасындағы арифметикалық баға қойылады.
    "Қазақстандық мектептердің түлектері бірнеше жылдан бері ұлттық тестілеудің бағалау жүйесінің салдарынан қайғырып келді. Бұл нормаға сәйкес, оқушы 11 жыл бойы, мысалы тарих пәнінен бес бағасын алып келсе, емтиханнан жеткіліксіз балл алғаны үшін аттестатқа төрт қойылатын. 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі мұндай жүйеден бас тартуды ұйғарды", - делінген жарияланымда.

    Шенеуніктер білімге тиімді баға беру үшін тестілеудің қорытындысын ғана емес жылдар бойғы білім көрсеткішін де ескеру жөн болады деген шешімге келіпті. Сәуірдің аяғында еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов ҰБТ өткізудің ережелеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Ведомствоның мәліметінше, бұл құжат мамыр айының ортасында БАҚ-та жарияланады. Сонымен қатар, даулы мәселелер туындаған жағдайда баға өсімі жағына қарай қойылады деген мәлімет бар.
    Алайда "Алтын белгі" үміткерлеріне арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі жаңа стандарттың оларға қатысы жоқ. Мамандардың сөзіне қарағанда, кілең бестікке оқитындарға қатысты стандарттарға ешқандай өзгерту енгізілмеген, демек олардың аттестаттарына ҰБТ-да алынған баға қойылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстанда ақша аударымын тәулік бойы жүргізетін орталық пайда болды
  • Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
  • Полиция: Оқушы суицид жасады
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге