“Әйелдің күйеуінің тегіне өтуі - исламға қайшы”

    Жастар отбасын құрғанда қыз бала өзінің тегінде қалу керек. Өйткені Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы айтып берді деп хабарлайды Baq.kz.

    «Пайғамбарымыздың заманында құл иеленушілер болған. Яғни, бас бостандығы жоқ адамдар да өмір сүрді. Хадиша анамыз Пайғамбарымызға уақытысында өзі сатып алған өте көрікті, аманатшыл Зәйд ибн Сабит деген жігітті сыйлыққа берген екен. Бірақ оны Пайғамбарымыз құлым деген жоқ. «Бүгіннен бастап, мен саған әке болам, сен менің балам боласың» деді.

    Сөйтіп халыққа «бауырлар, бүгіннен бастап Зәйд менің балам болады» деп жариялайды. Кейін оны жұрт Зәйд ибн Мұхаммед деп кетті. "Мұхаммедтің баласы Зәйд қой" деп айтатын адамдар. Бірақ Пайғамбарымызға «әр адам баласы өз ата-тегімен аталсын» деген аят түскеннен кейін, қайтадан халықтың алдына шығып, «бауырлар, Зәйд менің балам емес, Сабиттің баласы, ол менің бауырым болып қалады», - дейді. Әр адам өзінің ата-тегімен аталсын, деп халыққа ескертеді.

    Осы жерде өте маңызды нәрсені айта кету керек. Кеңес Одағы кезінде дінімізге жат нәрселер кіріп кетті. Соның бірі некеге қатысты. Заң алдында некелескенде, қыз бала жігіттің тегіне өтіп кетті. Ол дұрыс емес, олай істеуге болмайды. Соны қаракөздерімізге айта жүріңіздер. Қыз өз тегінде қалу керек. Былайша айтқанда, қыз жігітке, жігіт қызға өтіп кетпеу керек. Әркім өзінің ата тегінде қалсын. Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар», - дейді Қабылбек Әліпбайұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сәбиін сатқан келіншектің соты басталды
  • Мас күйінде адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталып кетті
  • Аз қамтылған отбасы балалары мектепке тап-тұйнақтай дайын
  • Ақтөбеде найзағай түскен әйелдің 3 баласы бар
  • ҰР ТОҚПАҚ
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге