Планшет ұрланған жоқ!

    Планшет ұрланған жоқ!

    Корея павильоны ЭКСПО-да ұрланған 20 планшет туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    ЭКСПО-дағы Корея павильонының өкілдері 20 планшеттің ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Мұндай мақала 7 тамызда “Newtimes” сайтында шыққан болатын. “20 планшеттің ұрланғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ЭКСПО ашылғалы бері пайдалануға берілген планшеттердің бірді-екілі жоғалғандығы рас. Бірақ бұл қызметкерлердің əрекетінен болып отыр. Қазір ішкі қызметтік тексеру шаралары жүріп жатыр. Қазақстандықтар ұрлады деген бірде бір дерек жоқ. Сондай-ақ, Корея павильонында техникалар ұрлыққа қарсы жүйемен жабдықталған. Əр техникаға дабыл енгізілген. Оларды ұрлап кету мүмкін емес”,- деді Корея павильонының ресми өкілдері. Сондай-ақ, олар мақалада көрсетілген келушілер саны да жалған екендігін айтты. “Əр көрсетілімге шамамен 50 емес 150 адам келеді. Біз қазақстандықтар тарапынан ешқандай тəртіп бұзушылық байқамадық. Керісінше, павильонды тамашалауға сыпайы ізетті адамдар келеді”,- деді олар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстандық волейболшылар финалда
  • Полицейлерге 100 планшет сатып алынбақ
  • ЭКСПО көрмесінің миллионыншы келушісі анықталды
  • Ақтөбелік сазгерлер ЭКСПО-ға арнап ән жазуда
  • Зейнетақы қорындағы қаражат қайда жұмсалмақ?
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге